Әлем

Қытайда түсініксіз құбылыс болды: үрейі ұшқан адамдар жапа-тармағай қашты – видео

© AFP 2024 / STRВ Китае покосилось 300-метровое здание SEG Plaza
В Китае покосилось 300-метровое здание SEG Plaza - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
72 қабатты зәулім ғимарат қозғалып, қисая бастады. Куәгерлердің хабарлауынша, олар дірілді сезінген

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының ғимараты кенеттен қозғалып, теңселе бастады. Үрейі ұшқан қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге жүгірді.

​Биіктігі 300 метрлік көп қабатты ғимарат Қытайдағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. Желіде жарияланған видеодан адамдардың көк тіреген ғимараттан жүгіріп шығып жатқанын көруге болады.   

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, барлық адамды эвакуациялауға бір сағаттан астам уақыт кеткен. Сауда орталығының теңселуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.    

"Қаладағы жер сілкінісін бақылау станцияларының мәліметі тексеріліп, талданғаннан кейін сейсенбі күні Шэньчжэньде ешқандай жерасты дүмпуі болмағаны анықталды", - делінген Weibo платформасында жарияланған ресми тұлғалардың мәлімдемесінде.

Сарапшылар ғимараттың негізгі конструкциясында немесе сыртында қауіпсіздік ережелері бұзылмағанын, ал ішкі және сыртқы компоненттері бүтін екенін анықтады.

SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан. Зәулім ғимараттың 50-68 қабаттары – "көктегі қонақ үй". Ғимаратта айналаны шолу алаңы да бар.  

Жаңалықтар
0