НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының ғимараты кенеттен қозғалып, теңселе бастады. Үрейі ұшқан қызметкерлер мен сатып алушылар қауіпсіз жерге жүгірді.
突发
— 古今多少事 (@gujinduoshaoshi) May 18, 2021
深圳华强北赛格楼震动分分撤离。
这就叫垃圾国 !
世界上最大的垃圾场就是中共国。
🤬🤬🤬🤬🤬 pic.twitter.com/dUXQZA1jbV
Биіктігі 300 метрлік көп қабатты ғимарат Қытайдағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. Желіде жарияланған видеодан адамдардың көк тіреген ғимараттан жүгіріп шығып жатқанын көруге болады.
"Қаладағы жер сілкінісін бақылау станцияларының мәліметі тексеріліп, талданғаннан кейін сейсенбі күні Шэньчжэньде ешқандай жерасты дүмпуі болмағаны анықталды", - делінген Weibo платформасында жарияланған ресми тұлғалардың мәлімдемесінде.
Сарапшылар ғимараттың негізгі конструкциясында немесе сыртында қауіпсіздік ережелері бұзылмағанын, ал ішкі және сыртқы компоненттері бүтін екенін анықтады.
SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан. Зәулім ғимараттың 50-68 қабаттары – "көктегі қонақ үй". Ғимаратта айналаны шолу алаңы да бар.