Өңірлер

Ақтөбеде желіде байқамай бар сырын айтып қойған әке 3 миллион теңге төледі

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2021
Жазылу
Ер адам төрт жыл бойына алимент төлеуден жалтарып келген – оның қарызы 3 миллион теңгеге жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Алименттен қашып жүрген жауапсыз әке әлеуметтік желіде пәтер алғанын жазғаннан кейін табылды, деп хабарлады Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы.

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2020
Қоғам
1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды
Қызықты оқиға Ақтөбе облысында болды.

Қайырымсыз әке алимент төлеуден бұлтарған адам ретінде төрт жыл бойы іздеуде болған. Ол баласын асырауға ара-тұра 5 мың теңге ғана беріп жүріпті. Оның қарызы 3 миллион теңгеге (7 мың долларға жуық) жетіп, екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Борышкер жаңа пәтер алғаны туралы желіде жазба жариялап, өзінің қайда екенін байқамай айтып қойғанға дейін еш нәтиже болмаған.

Осы жағдайдан кейін жеке сот орындаушысы көрсетілген мекенжайға барған. Жаңадан қоныстанушы сот орындаушысымен төбелесіп, соңғысы полиция шақыруға мәжбүр болды.

Нәтижесінде ер адам баласына алимент бойынша барлық қарызын төледі.

Жаңалықтар
0