Оқиға

Ұйқыдан оянғанда жанында жатқан: үй иесі қонаққа келген жігітті бөлшектеп тастады

© Pixabay/WokandapixМужчина закрывает голову подушкой
Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Күдікті кінәсін мойындады. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ресейдің Сахалин облысында тергеушілер өткен жылдың қыркүйегінде жасалған қылмыстың бетін ашты. Күдіктінің пәтерінен тоғыз ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп жазады lenta.ru.

Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2021
Өңірлер
Денесін бөлшектеп тастаған: Атырау облысында мұғалім туысын өлтірді деген күдікке ілінді
Қайғылы оқиға Корсаков қаласында болған. 31 жастағы ер адам 56 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа келеді. Ішімдік ішкеннен кейін үй иесі ұйықтап қалады. Оянған кезде ол жанында жатқан жігітті көреді. Осы жағдайға байланысты екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті қонағының басынан ұра бастайды. Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмған.

Осыдан кейін үй иесі мәйітті бөлшектеп, бір бөлігін жақын маңдағы орманға апарып лақтырған. Ал қалғанын пакетке орап, екінші бөлмедегі төсектің үстіне тастаған. Ер адамның денесі осы жерде тоғыз ай бойы жатқан.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындады. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды

 

Жаңалықтар
0