Өңірлер

Денесін бөлшектеп тастаған: Атырау облысында мұғалім туысын өлтірді деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды өңірлік "Ақ Жайық" сайты.

Басылымның хабарлауынша, желіде Махамбет ауданы Таңдай ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелдің былтыр жазда туысын өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ол мәйітті ауладағы қорада сақтаған.

"Көршілері үйге, аулаға, үй иесіне сіңіп қалған жағымсыз иістен күдіктенген. Полиция қызметкерлері әйелді мәйітті бөлшектеп, үлкен сөмкеге салып қойған кезде ұстады", - деп жазды басылым әлеуметтік желіге сілтеме жасап.

Атырау облысының полиция департаменті Махамбет ауданында ер адамның мәйіті табылғанын растады.

"Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Бірқатар сот-медициналық  сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деді полиция.

Алайда полиция әлеуметтік желіде жарияланған қылмыстың мән-жайы туралы ақпарат таратпады.

Оқи отырыңыз: Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы

Жаңалықтар
0