Қоғам

Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Нұр-Сұлтанға жеткізілді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Бас прокуратура және ІІМ интерполының қызметкерлері Беларусьте жасырынып жүрген қазақстандықты экстрадициялады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Беларусьтен халықаралық іздеуде жүрген Владимир Тұрғынов экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Қоғам
АҚШ-та халықаралық іздеу жарияланған үш қазақстандық ұсталды
Күдіктіге қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасау, адам ұрлау және 100 миллион теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Қылмысты жасағаннан кейін Тұрғынов қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Беларусь елінен табылып, елге жеткізілді.

Қазіргі уақытта Тұрғынов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 10 жыл іздеуде жүрген: Нұр-Сұлтанда мейрамхананың бас аспазы ұсталды

 

Жаңалықтар
0