Қоғам

АҚШ-та халықаралық іздеу жарияланған үш қазақстандық ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Алаяқтық жасады деп айыпталған күдіктілер Қазақстанға депортацияланды. Олар АҚШ аумағында жасырынып жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Халықаралық іздеу жарияланған үш қазақстандық АҚШ-та ұсталып, елге депортацияланды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Оларға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Қылмыс Нұр-Сұлтанда және Алматыда жасалды, күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған еді.

"Қазақстан ІІМ Интерполының ұлттық орталық бюросы АҚШ-тың құзырлы органдарының жәрдемімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандықты анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Нұрділдә Ораз өткен аптада күдіктілер Қазақстанға депортацияланғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын нақтылады.

Оның айтуынша, соңғы уақытта шетелдік мемлекеттердің аумағында күдіктілерді ұстау географиясы әжептәуір кеңейді.

Тағы оқыңыз: Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға жедел тергеу тобын жібереді

Соңғы бес жылда іздестіріліп жүрген адамдар ТМД елдерінде, сондай-ақ Германия, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, БАӘ, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Португалия, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Грекия, Хорватияда анықталып, ұсталды.

Интерпол Қазақстанға қалай көмектеседі

ІІМ құрылымындағы Интерполдың ұлттық орталық бюросы 1993 жылы құрылды. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Интерполға қосылуы басқа мемлекеттердің аумағында жасырынып жүрген қылмыскерлердің мекенжайын анықтауға, іздеу жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде қылмыстық полицияның халықаралық ұйымына 194 ел кіреді.

Жаңалықтар
0