Қоғам

Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға жедел тергеу тобын жібереді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПеред совещанием президент ознакомился с работой центра оперативного управления департамента полиции Нур-Султана
Перед совещанием президент ознакомился с работой центра оперативного управления департамента полиции Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Грузияда Қазақстан азаматына шын мәнінде не болғаны әзірге белгісіз. Бұл іске марқұмның туысының қатысы болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын хабарлады.

Ішкі істер министрілігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Топ қайғылы жағдайдың мән-жайын біліп, Грузия тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасуға тиіс.

Бұған дейін Қазақстан астанасында Әсел Айтпаеваның туысы – азамат Мейірбеков ұсталды. Оның үстінен марқұмның туыстары арызданған. Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Күдікті Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма – Әсел Айтбаеваның әкесі

Айта кетейік, қазақстандық Әсел Айтпаева Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Оның денесі өзі тұрған үйдің терезесінің астынан табылды. Грузияда қызды зорлады және өзін-өзі өлтірді деген күдікпен Тбилиси тумасы ұсталды. Марқұмның анасының айтуынша, бұл іске өз туысының қатысы болуы мүмкін. Себебі туысының шақыруымен бойжеткен Грузияға жұмысқа барған.

Жаңалықтар
0