Наджмеддин Гусейнов ақ пен қара түсті өзара үйлестіріп, ерекше туындылар жасаудың хас шебері.
Оның туындыларының ерекшелігі сол – шебер оларды балауыз шамның күйесімен салады.
Бүгінде ол Әзербайжандағы кішкентай ғана ауылда тұрғанымен, оның есімі басқа елдерде кеңінен танымал. Наджмеддин Гусейнов – халықаралық байқаулардың қатысушысы. Ол Әзербайжан суретшілер одағы мен Ресейдің кәсіби суретшілер одағының мүшесі.
Оқи отырыңыз: Алматы облысының таңғажайып табиғаты: әлемге аты шыққан Шарын шатқалы - видео
Sputnik Әзербайжанның хабарлауынша, пандемия кезінде ол таңғажайып туындылар жасаған. Сондай-ақ, онлайн-форматта өткен халықаралық Art Excellence Awards байқауына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, қылқалам шебері шамның күйесімен бірге ұнтақталған қант пен тосапты сурет салуда сәтті пайдалана алады.