Видео

Алматы облысының таңғажайып табиғаты: әлемге аты шыққан Шарын шатқалы - видео

Жазылу
Қазақстан табиғаты елімізде болған кез-келген адамды тамсандырып,  таң қалдырары анық. Қазақстанның кең-байтақ жерінен Швейцарияның жазық пейзажын да, шөл даланы кездестіресіз. Sputnik Қазақстан сайтынан табиғи ескерткіштердің ғажайып көрінісін тамашалаңыз

Алматыдан небәрі үш сағаттық жерде орналасқан ғажайып Шарын шатқалын Марс ғаламшарындағы қамалдар дерсіңіз.

Каньон шөгінді тау жыныстарының мыңжылдық процестердің әсерінен пайда болған. Нәтижесінде түпнұсқа рельеф оқшауланған жартастар мен мұнаралардың сұлбаларын алды. Айтпақшы, олардың жасы шамамен 12 миллион жыл.

Шарын шатқалы – бұл шөгінді тау жыныстарын мыңжылдық жел мүжуінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар, бағандар мен мұнаралар пішіні қалыптасқан жер. Олар 12 миллион жылдар бұрын пайда болған. Шарын ұлттық саябағының аумағы 127 мың гектарды құрайды.154 шақырымға созылып жатыр, тік қабырғалардың биіктігі 100-ден 300 метрге дейін.

Ол Еуразия континентіндегі жалғыз шатқал.Қазір бұл жерде төрт туристік маршрут бар. Негізгі көрікті жерлер: шатқалдың өзі, "Қамалдар аңғары", Шағанды тоғай және Темірлік шағын шатқалы.

2020 жылы Шарын шатқалын дамыту тұжырымдамасын ұсынылды. Билік ұлттық саябақтардағы экологиялық туризмді АҚШ-тың тәжірибесі бойынша дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жерде туристік маршруттар мен соқпақтардың дамуына баса назар аударылады.

Оқи отырыңыз: Су деңгейі күрт төмендеді: Тоқтағұл су қоймасы құс ұшар биіктіктен қалай көрінеді – видео

Шарын шатқалында этно-ауылсалып, түнеуге арналған орындармен  жабдықтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ бақылау алаңшаларын, визит-орталықтар, тамақтану орындары мен дәретханаларорнату көзделген.

Сонымен қатар Шарын шатқалында күрделі құрылыс болмайды. Кез-келген ұлттық саябақтың басты мақсаты - экожүйені сақтап қалу, деп хабарлады экология министрлігі.

Шарын шатқалын дамыту үшін 1,2 миллиард теңге жеке инвестиция қажет.

Жаңалықтар
0