Видео

Су деңгейі күрт төмендеді: Тоқтағұл су қоймасы құс ұшар биіктіктен қалай көрінеді – видео

Жазылу
Қырғызстанның басты су электр станциясында биылғы жылы су деңгейінің қаншалықты төмендегені дроннан түсірілді

Тоқтағұлдың қазіргі мүшкіл хәлі түсірілген видео Sputnik Қырғызстан сайтында жарияланды.

Кадрда су қоймасының қақырап кепкен жиегі мен кезінде су астында болған жартасты жағалаулары анық көрінеді.

Тоқтағұл – бұл елдегі электр қуатының шамамен 30 пайызын өндіретін Қырғызстандағы негізгі су электр станциясы. Ауа райы жылы мезгілде су қоймасы толтырылып, жиналған су қоры күз бен қысқы кезеңде пайдаланылады.

Осы мезгілден кейінгі су мөлшерінің тиісті деңгейде сақталуы өте маңызды. Егер төмен деңгейге жақындаса, алдын алу шараларын қолдану қажет. Айталық, көршілес елдерден электр энергиясы сатып, қарызға алынады немесе жарықты сөндіру арқылы үнемделеді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау өңірінде сирек кездесетін жануарлар камераға түсіп қалды – таңғажайып видео

Жалпы Тоқтағұл су қоймасының су жинау көлемі 19,5 миллиард текше метрді құрайды: су неғұрлым көп жиналса, күз бен қысқы кезеңдегі энергия өндіру көрсеткіші жоғары болады.

"Ал егер су қоры 5,5 миллиард текше метрге дейін азайса ("өлі деңгей"), станция электр қуатын өндіре алмайды", – делінген Sputnik Қырғызстан бейнесюжетінде.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл Қырғызстандағы су деңгейінің ең төменгі құлдырауы емес. Мәселен, 2009 жылдың мамыр айында Тоқтағұл су қоймасында 6,3 миллиард текше метр, ал 2014 жылдың мамырында – 8,4 миллиард текше метр болды.

Бүгінгі таңда су қоймасында 9 миллиард текше метр су жиналған. Солай десек те, қырғыз халқы бұл жылы су тапшылығы болмайды деп үміттенеді.

Жаңалықтар
0