Өңірлер

Көкшетауда серуендеуге шыққан қыз із-түзсіз кетті

CC0 / / Подросток
Подросток - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Валя Думина үйінен шыққанда үстінде көк джинсы шалбар мен ақ түсті жазуы бар қара футболка және мокасин аяқкиімі болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері мен еріктілері 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр. Кеше түнде Валентина Думина серуендеуге шығып кетіп, қайта оралмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2006 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы хабар Lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасында жарияланды. 

© Photo : Ориентировка волонтерского движения LIDER.KZВалентина Думина
Көкшетауда серуендеуге шыққан қыз із-түзсіз кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Валентина Думина

"Қазірше біздің қолымызда ақпарат аз болса да полицейлер қыздың жоғалуына қатысты бағдар берді. Ал әзірге оның туыстарымен байланыса алмадық. 21 мамырда кешкі сағат 18:30 шамасында серуендеуге шығып кеткен оның қайда кеткені белгісіз", – деді агенттікке қозғалыстың үйлестірушісі Олеся Баимова.

Жасөспірімнің бойы 160-165 сантиметр, дене бітімі орташа. Шашы иығына дейін түскен ақшыл-қоңыр, көзі көк.

"Ол көк джинсы шалбар мен ақ түсті жазуы бар қара сұр футболка және мокасин аяқкиімімен кеткен", – делінген бағыт бағдар хабарламасында.

Валиді көрген, білген немесе оның жүрген жері туралы мәліметіңіз болса +7 775 085 03 15 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Қолында мылтық бар: полиция алты күннен бері Орал тұрғынын іздеп жатыр

Жаңалықтар
0