22:25 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
837 0 0

Ер адамды іздеуге Аңқаты мен Ерсары ауылының тұрғындары, жоғалып кеткен азаматтың туыстары көмектесіп жатыр

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аңға шығып жоғалып кеткен 41 жастағы Орал тұрғыны іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-ші топтағы мүгедек Антон Борисов туыстарымен бірге Теректі ауданы Аңқаты ауылынан 20 шақырым жердегі Шалқар көлінің жағасына аң аулауға барған. 3 сәуірде түнгі сағат 2 шамасында туыстары оның жоғалып кеткенін байқайды. Түнде қараңғы болғандықтан, таңертең іздеуге кіріскен.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз. Ер адамның қолында аңшы мылтығы бар.

Оқи отырыңыз: Қызылордада 10 күн бойы жұртты уайымға салған қыз табылды

ІІ топтағы мүгедек ер адам (сал ауруы) арықша келген, бойы 175-180 см. Жоғалып кеткен күні сары-жасыл түсті камуфляж костюмін киген.

Қазір іздеу шараларына Ақжайық полиция бөлімінің 8 қызметкері, 3 автокөлік, БҚО төтенше жағдай департаментінің арнайы автокөліктегі 4 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар Аңқаты мен Ерсары ауылының 15 тұрғыны, жоғалып кеткен азаматтың 12 туысы да көмектесіп жатыр.

Кілт сөздер:
мылтық, Батыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып