Әлем

АҚШ басылымында жарияланған мақала қоғамда екіұдай ой тудырды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуНашивка на форме военнослужащего батальона НАТО.
Нашивка на форме военнослужащего батальона НАТО. - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Newsweek мақаласында жалдамалы сарбаздардың қылмысты қалай жүзеге асыратыны тәптіштеп жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Newsweek журналы АҚШ армиясының ауқымды құпия арнайы операциялары туралы жариялаған материалы қоғамда екіұдай ой тудырды, деп жазды РИА Новости.  

Ресейлік сарапшылар 60 мыңға жуық сарбазды қамтитын АҚШ-тың жасырын әскері әлемнің түкпір-түкпірінде болуы мүмкін деп санайды. Бұл көптеген фирма, компаниялар, ұйымдар болуы ықтимал.

Бұдан Қытай да секем алғаны жасырын емес. Әдетте АҚШ әлемді адамгершілік пен өнеге беруге үгіттейтін мемлекет ретінде ой қалыптастырғандықтан, америкалықтар жасақтаған жасырын ұйымдар Женева конвенциясын елемей жүр ме деген сауал туады.

Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Әлем
АҚШ Ресеймен киберқауіпсіздік жайын талқылайтынын мәлімдеді
"Бұл әлемдегі қоғамдық тәртіпті бұзу емес пе? Сонда АҚШ насихаттайтын адалдық пен әділдік қайда?" деп жазды Weibo. Қалай болғанда да Newsweek ұсынған ақпарат әлем елдерін демократия құндылығын дәріптеуге шақыратын америкалық сарбаздың бейнесін бұзғаны анық.

"Пентагон мен Орталық барлау қызметі Ресей мен Қытайды ойдан шығарылған қылмыстарға кінәлауды әдетке айналдырған. Олар әлем назарын өздерінен басқаға аударуды көздеп отыр" деп жазды мақалаға пікір қалдырғандардың бірі. Ал кейбір оқырмандар Newsweek мемлекеттік құпияға қатысты мәселеге араласпауы қажет деп санайтындарын жеткізді. Көп америкалық АҚШ-тағы танымал басылымда өз елінің мүддесіне қайшы және "сатқындық" сипатындағы ақпарат жазатын әдет қашан қалыптасып үлгергеніне таңданыс білдірді.

Әлем жаңалықтары мен түрлі халықаралық шаралардың мінберінде америкалықтардың киберәскері мен ақпараттық шабуылы жайлы жиі айтылып келді. Бұл орайда британдық The Guardian да талай мақала жазды. Африкадағы америкалықтардың жасырын жасағын Politico зерттеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы әлем бойынша маңызды инфрақұрылымдарға ауқымды кибершабуылдар жасауға бұйрық берді деп жиі айыптады. Stuxnet компьютерлік вирусы төңірегінде де аз шу болған жоқ. Ол Иранның ядролық центрифугасын тоқтатып қана қоймай, адамдар мен табиғатқа орасан зор қауіп төндіріп, әлемнің ақпарат кеңістігін кезіп кетті.

Жалпы Newsweek мақаласында жалдамалы сарбаздардың қылмысты қалай жүзеге асыратыны тәптіштеп жазылған. Автор мысал ретінде Ресей мен Қытайда қамауға алынған кейбір барлаушыларға кеңінен тоқталған.

Мақалада бұл жасырын әскер қазір тек шетелде емес, АҚШ аумағында да жұмыс істеп жатқаны айтылған. Сондықтан мақаланы жариялауға америкалықтардың өмірі үшін алаңдау себеп болғаны айқын байқалады.

Рука пациента с капельницами в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Қоғам
АҚШ зерттеу институты Қазақстанда коронавирустан 81 мың адам қайтыс болғанын мәлімдеді
Журналист Уильям Аркин Мэриленде орналасқан кеңсенің біріндегі қызметкердің жұмысын сипаттап жазды. Ол өнеркәсіптік ауқымда жасанды жеке куәліктер, жүргізуші куәліктерін, есепшоттар, кредит алу тарихын дайындаумен айналысады.

Соңғы уақытта америкалықтардың билікке деген наразылығы күшейіп жатыр. Елде кісі өлтіру саны рекордтық көрсеткішке жетті. Олардың басым бөлігі тергелмеген күйі қалып қойып жатыр. Қарапайым халықпен бірге журналистер, саяси белсенділер, ғалымдар көз жұмып жатыр. Олардың қатарында трампшылдар – саяси белсенді, қара нәсілді Берни Трэмелл, Эшли Бэббит, Кристофер Стэнтон Джорджия, Капитолийді күзетуші полиция қызметкері Говард Либенгуд, танымал журналист Джес Уотерс, ОБҚ әскери сарапшысы Энтони Шинеллу, әлемге танымал физик, инноватор және мультимиллионер Жень Шучень, вирусолог Бинь Лю және тағы бірқатар азамат бар.

Америкалықтар мұны құдды бір жасырын репрессия жүріп жатқандай бағалап отыр. Сол себепті Newsweek мақаласын өз пайымы мен көзқарасына қарай қабылдап отырғандар жетерлік.

Жаңалықтар
0