Қоғам

Шаңды дауыл тұрады – 22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина в маске идет по дорожке между газонами в Нур-Султане
Мужчина в маске идет по дорожке между газонами в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп болжады Қазгидромет синоптиктері.

Тек оңтүстік пен шығыста өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл тұрады.

Дабылды ескерту

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 22 мамырда түнде 2 градус үсік жүреді.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 18 метрге дейін күшейеді. күндіз кей жерлерде 38-42 градус аптап ыстық болады.

Түркістан облысында найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз бұлт шығады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы 27-29 градусқа дейін жылынады. Түнде сынап бағанасы +9 .. + 11 градусты көрсетеді.

Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынды. Күндіз +23 .. + 25, түнде 9-11 градус жылы болады.

Шымкентте күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр. Күндізгі температура +29 .. + 31 градус, түнде +14 .. + 16 градус. 

Жаңалықтар
0