Елорда тынысы

Елордадағы медицина мекемелеріне 5 миллион теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуБахилы, иллюстративное фото
Бахилы, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан тұрғындар көп жағдайда консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігі мен медицина қызметкерлерінің дөрекілігіне шағымданады  

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) Нұр-Сұлтандағы филиалына тұрғындардан 58 мың өтініш, соның ішінде 711 шағым түскен.

Филиал директоры Нұрлыбек Қабдіқапаров Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифингте барлық шағым бойынша шара қабылданып, арызданғандардың барлығына мардымды жауап берілгенін айтты.

"Бізге жазбаша да, ауызша да өтініш білдіруге болады. Барлық өтініш қаралады. Шағымдануға негіз бар екені расталса, экономикалық тұрғыдан ықпал етіп, айыппұл салу сынды шара қолданылады", - деді ол.

Тұрғындар көбіне консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігіне (тиісті жабдықтың жоқтығы, кезек күту ұзақтығы, дәрігерге бағыттау қағазының берілмеуіне, кадр тапшылығына), медицина қызметкерлерінің дөрекілігі мен біліксіздігіне, медициналық қызмет көрсету сапасына, ақылы қызметке жолдама беруге, ауруханаға жатқызудан бас тартуға, кезекті ұзақ күтуге шағымданады.

Өтініштер мен шағымдардың басым бөлігі 1406 тегін байланыс орталығы арқылы түседі. Бұл өтініштер үш деңгейлі өңдеу үлгісінен өтеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ЭКО-ға квотаны қалай алуға болады 

Келіп түскен шағымдар бойынша осы жылы жоспардан тыс 24 мониторинг жүргізіліп, оның барысында 23 жағдайдың дәйектілігі анықталды, ал 1 жағдайдың негізсіз екені белгілі болды.

Елордадағы ӘМСҚ хабарлағандай, жоспардан тыс мониторинг бойынша салынған айыппұл өлемі 5 миллион теңгеден асты (шамамен 11 700 доллар).

Жаңалықтар
0