00:10 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
149 0 0

ЭКО тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесіне кіреді, әйел қай медициналық ұйымда қызмет алатынын өзі шешеді

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2021 жылы экстракорпоральды ұрықтандыруға 486 квота бөлінді. Өткен жылы небәрі 76 квота бөлінген. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты.

"Қазірдің өзі 486 квотаның 385-і бөлінді. Денсаулық сақтау басқармасының жанынан қосымша репродуктивтік технологияларды жүргізу үшін бедеулікке шалдыққан әйелдерді іріктеу және медициналық ұйымдарға жіберу бойынша жұмыс тобы құрылды", - деді Рүстемова Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында.

Оның сөзінше, квота алған әйел ЭКО жасату үшін медициналық ұйымды өзі таңдайды. Қазақстан бойынша мұндай 27 ұйым бар, оның төртеуі Нұр-Сұлтан қаласында.

ЭКО квотасын қалай алуға болады

ЭКО квотасын алу үшін әйелдің жасы 18-42 аралығында болуы керек. Ол үшін бедеулікті анықтау қажет (егер бір жыл ішінде табиғи жолмен жүкті бола алмаса).

Рүстемованың айтуынша, әйел соматикалық (физикалық) жағынан сау болуы керек.

"Бізге ми ісігі бар науқастар да хабарласады. Оларды қабылдамаймыз. Қант диабеті, өкпе аурулары сияқты ауыр аурулар бар, процедуралар жағдайды нашарлатса, әйел бұл жүктілікті көтере алмайды. Ең алдымен әйелдіің денсаулығы туралы мәселе туындайды", - деді ол.

Оның сөзінше, бұған дейін бөлінген 76 квота аясында ЭКО бағдарламалары 30% тиімді екенін көрсеткен.

"Қазір бөлінген 385 квотаның 34%-і тиімді", - деді ол.

ЭКО-ға квота алу үшін әйел тіркелген жері бойынша емханасына баруы керек. Учаскелік дәрігер оны гинекологқа жібереді. Содан кейін №2 көпбейінді аурухананың жанындағы отбасын жоспарлау орталығына жүгінуі қажет. Ол жерде репродуктологтар мен басқа да мамандар бақылайды, тексереді және қажет болған жағдайда ем жүргізеді. Пациентті ЭКО-ға жіберу бойынша шешімді комиссия қабылдайды.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбеюі мүмкін – басқарма себебін түсіндірді 

ЭКО тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесіне кіреді. Алайда оған гормондарды, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды зерттеу, генетикалық талдау, магниттік-резонанстық томография және өзге де қымбат тұратын зерттеулер кірмейді.

Загрузка...

Басты тақырып