Қоғам

Депутат кейбір қазақстандықтың зейнет жасын төмендетуді ұсынды

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуРазработка Ачисайского полиметаллического месторождения
Разработка Ачисайского полиметаллического месторождения - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Смайылов жұмысшылардың зейнет жасын төмендету мәселесін осы күндері әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекске енгізу керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтың зейнет жасын төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Ерлан Смайылов бұл санатқа металлургтер, кеншілер, мұнайшылар, уран өнеркәсібінің жұмысшылары мен тағы басқа зиянды өндірісте істейтін адамдарды жатқызды.

"Мемлекет олардың зейнетке шығу жасын төмендетіп, лайықты зейнетақы төлеуге тиіс", – деді ол вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайында 1 645 247 адам жұмыс істейді. Олардың 987 645-і – ер адамдар, ал 657 602-сі – әйелдер.

Смайылов былтыр 366 900 адам немесе әрбір төртінші жұмысшы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыс істегенін айтты.

"Өндірісте егде жастағы қызметкерлерді "жеңіл жұмысқа" ауыстыруға тырысады. Бірақ мұндай жұмыс орындарының саны шектеулі әрі мұндай жұмысты жеңіл деп те айтуға келмейді. Бұған қоса, олар зейнетке дейін ешқайда кетпей, әрең шыдап жүреді, ал бұл кезде жастарға орын босамайды. Осының кесірінен жастар арасында жұмыссыздық көбейеді. Мұны шешудің тиімді жолы зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайындағы жұмысшылардың зейнет жасын төмендету", – деді мәжілісмен.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қоры 1 мамырдан бастап қандай өзгеріс болатынын айтты

Сонымен қатар, депутат ұлттық статистика бюросына еңбек министрлігімен бірлесіп қауіпті әрі зиянды өндірісте істейтін жұмысшылардың шынайы статистикасын, олардың орташа өмір сүру жасын, мамандығы, жынысы, жасы, орташа жалақысы, орташа зейнетақы жинағы және тағы басқа мәліметтерді анықтауды және жинауды ұсынды.

Бұған қоса, Смайылов жұмысшылардың зейнет жасын төмендету мәселесін қазір әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекске енгізу керек деп санайды

Жаңалықтар
0