05:40 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
4308 0 0

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейлі банктер немесе Қазпошта арқылы аударуға болады, жарнаның мөлшерін салымшы өзі белгілейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Осы жылдың 1 мамырынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады.

"2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады. Жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болады", - делінген қордың сайтында.

Зейнетақы жарнасын жеке тұлға өзі үшін, жеке немесе заңды тұлғалар басқа біреу үшін аудара алады. Бұл ретте жарна мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды.

Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейлі банктер немесе Қазпошта арқылы аударуға болады. Кейбір банктерде зейнетақы жарнасын онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары) аудару мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ ақпаратынша, өз пайдасына ерікті зейнетақы жарнасын тұрақты аударып тұру үшін жұмыс берушінің атына өтініш жазуға да болады. Соның негізінде жұмыс беруші жарнаны өтініш иесінің не үшінші тұлғаның шотына тұрақты түрде аударып отырады.

Жеке тұлғаны сәйкестендіру жарнаны төлеу барысында электронды форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген жеке деректер (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асады. БЖЗҚ жеке куәліктің реквизиттерін, тұрғылықты мекенжай, өзге де деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады.

Тақырып бойынша

БЖЗҚ төлемдерін есептеу өзгереді: зейнетақы өсе ме
Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: қалай табыс алуға болады
Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады – қысқаша нұсқаулық
БЖЗҚ 120 мыңнан астам азаматтың зейнетақы шотын жабады
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, жарна, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып