Қоғам

Қазақстанда күн минус екі градусқа дейін суытады

© PhotoЗаморозки, иллюстративное фото
Заморозки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Синоптиктер күн суытатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет"РМК мәліметінше, 20 мамырда батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді деп болжанып отыр.

"Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Бірақ 21 мамырда күндіз Иран аумағынан жылы ауа массалары шығатындықтан температура көтеріледі деп болжануда: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте 35 градусқа дейін ысиды", - деп атап өтті синоптиктер.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды 

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауылды жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, 20-21 мамырда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Түнде және таңертең республиканың кей облыстарында тұман түседі.

Жаңалықтар
0