Қоғам

Дабылды ескерту, бұршақ пен өрт қаупі: синоптиктер ертеңгі ауа райын болжады

© Sputnik / Тимур БатыршинВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. 19 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмады болады, кей жерде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 мамырдың ауа райы болжамы

Қазгидромет болжамына сәйкес, Қазақстанның барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік өңір мен орталықта және шығыста кей жерде қатты жаңбыр жауып, дауыл болады.

Тек, республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ара райы қалыптасады. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облысының аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жетіп, шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облысының кей жерінде дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Синоптиктер бұршақ жаууы мүмкін екенін хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының батыс аймағында да күндіз дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Бұршақ жауады.

Қызылорда облысында шаңды жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай, Жамбыл облысы мен Алматы облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысында жел күшейіп, Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігі мен Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қаупі бар.

Мегаполистегі ауа райы

Ертең Алматыда күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +14; +26 градусты көрсетеді.

Ал елордада күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +15; +19°С.

Шымкентте күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. +19; +29 градус жылы болады.

Дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, республиканың төрт өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Атырау облысында 19 мамырда күндіз кей жерлерде найзағай болады. Ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа жетеді. Облыстың батысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Күндіз Ақтөбе облысында да ауа райы бұзылады. Облыстың кей жерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс пен шығыстан жел соғады. Кей жерде желдің екпіні – 16 метрге дейін жетеді.

Дабылды ескерту жарияланған өңірдің бірі – Қызылорда облысы. Облыстың кей жерінде күндіз шаңды дауыл тұрады, күннің екінші жартысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші кей жерде 15-20 м/с, кей жерде 23 метрге жетеді.

Жаңалықтар
0