НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Соңғы мәліметке сәйкес, бұл сынақтар жаздың соңына қарай орындалады да, одан кейін суасты қайықтарында пысықтау жалғасады, деп жазады РИА Новости.
22350 жобасының бас фрегаты "Адмирал Горшков" оқу-жаттығу кезінде теңіздегі "Циркон" зымырандарымен оқ атты. Ол 2018 жылдың жазында қарулы күштер құрамына қабылданған болатын. Борттағы электронды жүйелер мен жоғары деңгейдегі автоматтандырудың арқасында бұл корабль "судағы компьютер" деген атқа ие болды. Мұндағы көп технология осы тектес аппаратта алғаш рет қолданылды.
Фрегаттардың негізгі қаруы – 16 тік іске қосу қондырғысындағы "Калибр" қанатты зымырандары. Артиллерия – минутына 30 рет оқ ата алатын және 23 километрге ұша алатын 130 миллиметрлі әмбебап қару. Аспанды "Полимент-Редут" зенитті зымыран кешені, судағы қауіпсіздікті "Пакет-НК" төрт торпедалы аппараты қамтамасыз етіп тұр.
"Адмирал Горшковтың" құрылысы 2006 жылы басталды. Фрегат көптеген әзірлеме, түрлі қару-жарақ жүйесі, әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйесі және радиоэлектронды жабдық үшін сынақ полигоны қызметін атқарды. Сондықтан ресейлік биліктің платформаға кезекті рет "Цирконмен" эксперимент жүргізуі түсінікті.
"Адмирал Горшков" бортынан орындалған алғашқы сынақтар 2019 жылдың желтоқсанында өтті. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, үш зымыранның екеуі теңіздегі, біреуі жердегі нысанға оқталды.
"Цирконның" әрекет ету қашықтығы үлкен және оны пайдалану кезінде жауынгерлік даярлық аясында оқ атулар қажет болады. Балтық пен Қара теңізге қарағанда көлемі бойынша Солтүстік флот пен оның полигондарының операциялық аумағы жаңа қаруды сынау үшін аса қолайлы. Оның үстіне Арктикалық аймақ бүкіл Ресей үшін зымыран қаупі бар бағыт болып саналады.
Сынақ кезінде "Циркон" жердегі де, теңіздегі де нысандарға 450 километрге дейінгі қашықтықта оқ атты. Оқ атудың белгіленген қашықтығы мың километрді құрайды. Ұшудың ең жоғарғы жылдамдығы Мах бойынша 9 саны немесе сағатына шамамен 11 мың километр болады.
Жалпыресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы 1 рангтегі капитан Михаил Ненашаевтың пікірінше, "Циркон" ХХІ ғасырдағы саяси тұрақсыздық жағдайында қорғанысты қамтамасыз ететін құрал. Оның пікірінше, ядролық шабуылдаушы және қорғаныс қаруы бар "Циркон" суасты және суүсті кемелері екі тарап бойынша кез-келген геосаяси мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.