АҚШ әскери-теңіз күші мен НАТО-ның Заполярье және Солтүстік теңіз жолындағы қысым көрсету әрекеттеріне қатысты Ресей "Циркон" гипердыбысты зымырандарын іске қосты. Мұндай техникаға тойтарыс беруге қарсыластың қауқары жетпей тұр. Сондықтан олар Ресей Федерациясын түрлі "қылмысқа" айыпты етіп көрсететін даулы мәлімдемелер жасауға мәжбүр. Ал Ресей бар болғаны халықаралық құқық бойынша өз шекарасы мен ұлттық мүдделерін қорғап отыр.
22350 "Кеңес одағы флотының адмиралы Горшков" жобасының бас фрегаты 24 наурызда Баренц теңізіне шықты. Ол жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындап, зымыран-артиллериялық қарудан теңіздегі нысаналарға оқ ату және "Циркон" гипердыбысты зымыранының сынағын орындауы керек болды.
25 наурызда "Адмирал Горшков" төрт гипердыбысты зымыранмен сәтті оқ атты, барлығы нысанаға дәл тиіп, ұшу-конструкторлық сынақ аяқталды. Мамыр айында "Цирконның" мемлекеттік сынақтары басталады. Оның қатарында "Северодвинск" атомды суасты қайығынан іске қосу жоспарда бар. 2020 жылға белгіленген сынақ бағдарламасы орындалды: "Адмирал Горшков" фрегаты "Циркондармен" теңіз нысаналарына екі рет және жердегі нысаналарға бір рет оқ атты.
Сынақтар сериясы 2016 жылдан бері жалғасып келеді. Ресей қорғаныс министрлігі "Цирконды" 2022 жылдың бірінші жартысында қарулануға қабылдауды жоспарлап отыр. Кез-келген егемен ел секілді Ресей де өз шекарасына жақын аумақта НАТО-ның әскери базалары мен зымырандық позицияларының кеңеюіне жауап беруге мәжбүр. Мәскеу Солтүстік теңіз жолын "теңізде жүзу еркіндігі" мен Заполярьедегі Ресей шекараларына жақын жерде АҚШ пен НАТО әскери кемелерінің орналасуынан қатаң қорғауға дайын екенін паш етіп отыр. Циркон – Солтүстік флоттағы көп қарудың бірі ғана. Ресейді "нысанаға ала отырып" халықаралық өзара әрекеттестік орнату еш мүмкін емес.
Қолға түспейтін әрі қуатты "Циркондар" әрбір қарсы әрекет үшін ықтимал жау жауап беретінін еске салу құралы іспеттес. НАТО-ны күллі адамзат баласының мүддесін қорғап отырған ұйым деп атау мүмкін емес. Әскери одақ ғаламшардағы халықтың 10%-інің ғана атынан сөйлеп отыр. Сондықтан ол біржақты тәртіпте көрші мемлекеттерге қандай да бір талап қоюға құқылы емес.
Батыстағы "серіктестер" тең дәрежеде диалог жүргізу ұсыныстарын қасақана елемей отыр. Олар экстерриториялық санкциялар енгізуден жалығар емес. НАТО елдері сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысы бойынша мемлекеттік хатшы Йенс Столтенберг Ресей тарапынан зымыранды шабуыл қаупі артып жатқанын альянс көріп отырғанын және осы себепті оған тойтарыс беруге мәжбүр екенін мәлімдеді. Алайда Ресейдің зымыранына қарсы қоятын қару оларда әзірше жоқ. Пентагон гипердыбысты зымырандарды тек 2028 жылға қарай алады. Соған қарағанда, Брюссель мен Вашингтон арандатуға толы мәлімдемелер мен дәйексіз айыптаулар "Цирконды" қолдануға тосқауыл болып, Ресей дамуына кедергі келтіреді деп ойласа керек.
НАТО-ның Балтық және Қара теңіз аймағында әскери белсенділігін үдетуіне қарай Ресей Федерациясының қорғаныс қабілеті де алдағы жылдары тек арта түсетіні анық. Әйтсе де Мәскеу альянстың әскери қысымына мейлінше сабырмен жауап қатып келеді. Ол тіпті басқа елдерге жүздеген база орнатуға ұмтылып жатқан жоқ.
Ашық дереккөзге сүйенсек, сериялық өндіріс бойынша дайындалатын "Циркондар" дыбыс жылдамдығынан тоғыз есе тез ұшып (сағатына 10 789 шақырымнан астам), 1 000 шақырым қашықтықта нысаналарға дөп тие алады. Зымыранның ұзындығы шамамен 6 метр, ал соғысу бөлігінің салмағы 300 келі. Зымыранды іске қосу үшін кемеге арналған 3С-14 әмбебап ату кешені қолданылады. Ол "Гранит" және "Оникс" сынды кемеге қарсы зымырандарында қолданылып жүр. Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, "Адмирал Нахимов" крейсері, "Адмирал Горшков" түріндегі фрегаттар, 20385 жобасының корветтері ("Гремящий"), 22350, 23560 жобаларының суүсті кемелері және 885, 885M, 949AM жобаларының атомды субмариналары "Циркондармен" қаруланады.
Гипердыбысты зымырандарды қазір қолданыста бар зымыран шабуылынан қорғаныс жүйелері қолға түсіре алмайды. "Циркон" санаулы секунд ішінде қарсыластың әуедегі шабуылдан қорғаныс аумағын бұзып өте алады. Соққысы нысанаға дөп тиеді. Мысалы, британдық Корольдік флотына тиесілі әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйесінің заманауи құралдары сағатына 3 700 шақырым жылдамдықта ұшатын әуе нысаналарын атып түсіре алады. Ал "Циркон" бір соққы арқылы құны алты миллиард фунт тұратын британдық авиатасымалдағыштың көзін жоя алады. Расында да гипердыбысты зымыранның кинетикалық энергиясы америкалық Arleigh Burke түріндегі эсминецті екіге қақ бөлуге қауқарлы.
Сол себепті "Циркон" зымыранының пайда болуы НАТО-ның әскери-теңіз күштерін тактикасын реттесуге және әуедегі шабуылдан қорғаныс технологияларын жетілдіруге мәжбүрлеп отыр. Соғыс жағдайында авиатасымалдаушы соққы жасау топтары "Цирконның" нысанасына ілікпеу үшін кемінде 1 000 шақырым қашықтықты сақтауына тура келеді.
Әйтсе де ресейлік "Циркон" бейбіт өмірге төнген қауіп емес. Бұл НАТО-ның антиресейлік әрекеттеріне тиісті берілген жауап.