АҚШ-тың жойғыш ұшағы үмітті ақтамады

© AP Photo / Ross D. FranklinF-35A Lightning II ұшағы
F-35A Lightning II ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
АҚШ-тың ең жаңа, қымбат әрі пайдасыз F-35 Lightning II жойғышы өзінің кезекті "келеңсіздіктері" және сәтсіздіктерімен бақылаушыларды таң-тамаша етуін тоқтатар емес. Кейде "көзге түспейтін" бұл ұшақ өз-өзіне соққы жасап жүр

Аризона штатындағы "Юма Рэйндж" полигонының үстінен ұшып бара жатқан АҚШ Теңіз жаяу әскері корпусының (ТЖК) F-35B бомбалаушы жойғыш ұшағына өз оғынан залал келтірілді. Себебі аспанға көтеріле салысымен-ақ авиациялық зеңбірек оқпанынан жарықшақты-фугасты оқ-дәрі жарылып кетті. Ұшақ фюзеляжына зиян келтірілді. Ұшқыш зардап шеккен жоқ. Бірақ ол үлкен қиындықпен әуе кемесін авиабазаға жеткізді. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион долларды құрайды. Адам айтса сенгісіз оқиға. Бірақ шынайы.

Эсминец Портер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
АҚШ кемелері Қара теңіз аумағына кіруін тоқтата ма?
Теңіз жаяу әскеріне арналған F-35B конфигурациясы 25 мм калибрлі GAU-22/A Gatling (GPU-9/A) авиациялық зеңбірегімен жабдықталады. Ол корпустың төменгі бөлігінде орналасқан. "Юма Рэйндж" полигонының аумағында PGU-32/B SAPHEI-T жартылай броньді бұзар жарықшақты-фугасты тұтандырғыш-жарқырағыш оқ-дәрісі қолданылды. Әдетте ондағы жарғыш зат нысанға тигеннен кейін біршама уақыттан соң іске қосылады. Теңіз жаяу әскері корпусының ресми өкілі капитан Эндрю Вуд тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша жойғыш арсеналында кездейсоқ пайда болған сапасыз оқ-дәрі де себеп болуы мүмкін.

Lockheed Martin кәсіпорны әзірлеген көзге түсу мүмкіндігі төмен бесінші буынға жататын F-35 Lightning II бомбалаушы жойғыш ұшағы ықтимал қарсыластың радарында тез көзге түседі. 4+ буынына жататын жылдамдығы мен маневрлігі жоғары жойғыштар оны әуеде тез-ақ құлата алады. Бұл жойғыш ұшақ осы күнге дейін бірде-бір рет соғыс жағдайындағы тиімділігін көрсеткен емес. F-35 конструкциясындағы олқылықтар мен кемшіліктердің көп болғаны соншалық, 2000 жылдың қазанында осы ұшақ алғаш рет аспанға көтерілген уақыттан бері Пентагон 20 жыл ішінде оның F-35А (ӘӘК үшін), F-35В (ТЖК үшін), F-35С (ӘТФ үшін) модификацияларының жаппай өндірісіне келісім бермей отыр. АҚШ-тың Еуропадағы одақтастарының сынықты сылтау етіп, орайы келген уақытта осы жойғыштарды сатып алудан бас тартуға деген ұмтылысы да осы себепті. Мысалы, Ұлыбритания наурызда "экономикалық дағдарысқа байланысты" F-35В тапсырыстарының көлемін 65%-ке қысқартты.

Алайда Жапония Нагоядағы Mitsubishi Heavy Industrie зауытында F-35A жойғыштарын құрастыруды жалғастырып жатыр. Ұшақтарды өз аумағында құрастыру мен АҚШ-тан дайын машинаны сатып алудың қаражат жағынан айырмашылығы айтарлықтай үлкен емес. Мысалы, "жапон" F-35 ұшағы – 86,3 миллион доллар болса, америкалық – 86,76 миллион доллар тұрады. Жалпы сомасы 13 миллиард долларға 147 ұшаққа тапсырыс берілді. АҚШ Жапонияға F-35-тің кейбір технологиялары бойынша толық қолжетімділік бермеуіне байланысты жапон ұшқыштары түрлі жайсыздықтарға тап болып отыр.

2019 жылдың көктемінде Мисава авиабазасының жанындағы жаттығулық ұшу кезінде төрт жапониялық F-35A ұшағының бірі сағатына 1 000 шақырым жылдамдықта Тынық мұхитына құлады. Тәжірибелі ұшқыш, майор Акинори Хосоми катапульталану немесе сигнал жолдауды орындай алмады. Жойғыш қараптан-қарап жоқ боп кетті. Кейінірек апат орнын анықтап, ұшақ қирандылары мен ұшқыштың мәйіті табылды. F-35A Lightning II ұшағының қирап қалғаны соншалық, қайғылы оқиғаға не себеп болғанын анықтау қиынға соқты. Ал Жапонияның ресми жауабы тіпті күлкілі: ұшақтың апатқа ұшырауына ұшқыштың басы айналуы себеп болды. Кез-келген армиядағы ең таңғажайып құбылыс – бұл басы айналатын сырқаты бар ұшқыш.

Доставка бронетехники и личного состава российских миротворцев в Армению самолетами Ан-124 Руслан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Ресейлік "Руслан" әскери ұшағы қайта құрастырыла ма
Сол сияқты АҚШ Әскери-әуе күштерінің 58-ші жойғыштар эскадрильясының құрамындағы F-35A бомбалаушы жойғышы Флоридадағы Эглин базасының жанында өткен жаттығулық ұшу кезінде апатқа ұшырады. Тірі қалған ұшқыш ұшақты басқару мүмкін болмағанын айтты. Ақауы көп машина. Сонымен қатар ұшақтың кабинасы мен басқару құралдары ұшқыш үшін "тым жоғары технологиялы" деген пікір де бар. Бір ғана ұшу дулығасының өзі не тұрады (бағасы 400 мың доллар).

Lockheed Martin қысымына қарамастан Пентагон 2021 жылдың қаңтарында ұшақтың технологиялық проблемаларына байланысты F-35 машинасының жаппай өндірісін белгісіз уақытқа кейінге шегерді. АҚШ әскери-әуе күштерінің бұл қарсылығы 2017 жылдан бері жалғасып келеді.

АҚШ әскери-әуе күштері үшін әр ұшақтың құны 80 миллион долларға дейін арзандатылды. Алайда F-35-тің "сенімсіздігі, техникалық қызмет көрсетудің өте жоғары талаптары және пайдалану шығындарының жоғарылығы" үшін Пентагоның ұшаққа көңілі толмай отыр. Бомбалаушы-жойғыш ұшақ соғысқа дайын деп танылғанмен және 2014 жылы АҚШ әскери-әуе күштерінің қарулануына қабылданғанына қарамастан, ол әлі де қарқындылығы жоғары соғысқа дайын емес және 2025 жылға дейін дайын болуы екіталай.

Пентагон мәліметі бойынша F-35  ұшағының америкалық паркінің үштен екісі F135 қозғалтқышындағы проблемаларға байланысты ұшуларды орындай алмайды.

О баста америкалықтардың физика заңдарын елемей, бір ұшақтың конструкциясында үш салаға бірдей бейімделген (әскери-әуе күштеріне арналған қарапайым ұшақ, әскери-теңіз флотына арналған палубалы ұшақ, теңіз жаяу әскері корпусына арналған тік ұшып-қона алатын ұшақ) машинаға қол жеткізудің ақыры F-35 Lightning II үшін оңайға соқпай тұр.

Жаңалықтар
0