Өңірлер

Шығыс Қазақстанда үй маңындағы арықтан үш жастағы екі баланың мәйіті табылды

© Photo : CarolinaPРебенок у воды
Ребенок у воды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Балалар жоғалған сәтте-ақ ата-анасы мен туыстары шұғыл іздеуге кіріскенімен, олар тым кеш қалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Елтай ауылында жоғалған үш жастағы екі баланың мәйіті үй маңындағы арықтан табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 17 мамырда түстен кейін болған.

"Шағым түскен сәттен бастап учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оған жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде өлімнің себеп-салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Оқи отырыңыз: 25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді

Жергілікті полиция департаментінің мамандары тұрғындарды су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
0