Әлем

25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді

© PhotoЖенщина родила сразу девять детей
Женщина родила сразу девять детей - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Африканың батысындағы Мали елінде бес қыз бен төрт ұл дүниеге келді. Анасы мен балалардың жағдайы жақсы

АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Африканың батысындағы Мали елінің 25 жастағы тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл, деп хабарлады Риа Новости.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігі әйел мен балалардың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

"2021 жылдың 4 мамырында Халима Сиссе кесарь тілігі арқылы жеті баланың орнына тоғыз бала дүниеге әкелді. Мали мен Мароккода өткен ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің жеті бала көтеріп жүргені айтылған еді. Жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы", - деп хабарлады Малидің денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында.

Ел президенті Ба Ндау да бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Ол жаңа босанған әйелді елорда ауруханасында екі апта болғаннан кейін мароккалық клиникаға ауыстыруды тапсырды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби әйелді босандырып алған акушерлерді құттықтады. Ол мамандардың арқасында жүктіліктің жақсы өткенін айтты.

Тоғыз баланың анасы - 25 жаста. Бірнеше аптадан кейін олар Малидегі үйіне оралады.

Айта кетейік, 2016 жылы Үндістан тұрғыны Мария Фернандес 42 жасында 11 бала дүниеге әкелді. Ол табиғи жолмен босанған.

Оқи отырыңыз: Танымал қазақ әншісі алтыншы сәбиін дүниеге әкелді

Жаңалықтар
0