НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Дәрігер-диетолог Ирина Морозова кәуап дайындағанда тұздық құрамына жіті назар аударуға кеңес берді.
Дәрігер кәуапқа майонез, айран және сірке суы қосылмаған дұрыс дейді. Өйткені бұл денсаулыққа қауіпті, деп хабарлайды РИА Новости "Телеграф" сайтына сілтеме жасап.
Жоғары температура кезінде майонез ағзаға зиянды майлар мен заттар бөліп шығарады.
Сірке суы асқазан-ішек жолына зиянды және оны жиі пайдаланған кезде бүйрек ауруына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, кәуапқа айран қоссаңыз, темір мен ақуыздың сіңуі нашарлайды.
Оқи отырыңыз: Тамақпен бірге шай ішуге бола ма – дәрігер жауап берді
Бұған дейін дәрігер-диетолог Антонина Стародубова кәуаптың әр порциясы 100-150 грамнан аспау керек екенін айтқан болатын. Ол майлылығы төмен ет пен құс түрлеріне артықшылық берген жөн дейді немесе балық таңдаған дұрыс.
Кәуап жеген кезде су ішкен абзал. Дәрігер қантты сусыннан, шырыннан және алкогольден бас тартуға кеңес берді. Өйткені ас қорыту жүйесіне, атап айтқанда ұйқы безіне ауыр жүк түседі.