Қоғам

Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы

© Sputnik / Тимур БатыршинДевушки в масках на улице
Девушки в масках на улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде вакцина салдырғаны туралы паспортты көрсеткен жағдайда бетпердесіз жүруге болатыны туралы ақпарат тарады. Ақпараттың рас-өтірігін денсаулық сақтау министрлігі айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қоғамдық орындарда медициналық маскасыз жүруге бола ма деген сауалға жауап берді.

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғанын айғақтайтын құжат көрсеткен жағдайда бетперде тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат пайда болды.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы қажет. Ол – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел азаматтарының 60%-і вакцина салдырған жағдайда маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

2021 жылдың 14 мамырындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны – 722 504 адам.

Жаңалықтар
0