Өңірлер

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

© Photo : Pixabay / RepublicaЧеловек с ломом в руке, иллюстративное фото
Человек с ломом в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

Жаңалықтар
0