НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.
Дабылды ескерту
15 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.
15 мамырда Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус аптап ыстық болады деп болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды
15-16 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Өңірлерде ауа райы қандай болады
Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік батыс антициклонының әсерінен бұлтты, қолайлы және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фон 8....16-ға дейін, күндіз 25....33-ға дейін, Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде 12....20-ға дейін, күндіз 28....36-ға дейін көтеріледі деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр және бұршақ жауады. 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы мүмкін.