Экономика

Тоқаев ERG акционерлерін қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев принял акционеров ERG
Токаев принял акционеров ERG - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
ERG компаниялар тобы Қазақстанда жұмыс істеген 25 жыл ішінде өндіріске 13 миллиард доллардан астам инвестиция салған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тау-кен металлургиялық корпорациясының 2020 жылғы қаржылық және өндірістік қызметінің нәтижелері мен биылғы бірінші тоқсандағы жұмысы жайында баяндалды.

Актогайский горно-обогатительный комбинат - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Экономика
Тоқаев KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Александр Машкевич пен Патох Шодиев Еуразиялық топ кәсіпорындарының жүзеге асырып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалары жайында айтты. ERG компаниялар тобы Қазақстанда жұмыс істеген 25 жыл ішінде өндіріске 13 миллиард доллардан астам инвестиция салған, ал, әлеуметтік бағытқа 1 миллиард доллардан аса қаржы жұмсаған. Былтырғы жылдың қортындысы бойынша кәсіпорын 221 миллиард теңге салық төлеген.

Александр Машкевич пен Патох Шодиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндіріс нысандарында COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге қатысты қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ, корпорацияның пандемиямен күреске қосқан үлесі жайында мәлімет берді. ERG компаниялар тобы індетпен күреске 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Аталған қаржы компания жұмыс істеп жатқан өңірлерге дәрі-дәрмек сатып алуға, ауруханаларды қажетті құралдармен жабдықтауға жұмсалды. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлері ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр.

Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. ERG компаниясы жуық арада жалпы сомасы 5,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы жобаларда қазақстандық мазмұнның көлемін және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, белгіленген жоспарларды өте қысқа мерзімде және барынша тиімді орындауға шақырды.

Жаңалықтар
0