Экономика

Тоқаев KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

© Photo : Twitter-аккаунт сайта премьер-министра Республики КазахстанАктогайский горно-обогатительный комбинат
Актогайский горно-обогатительный комбинат - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Президент Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтоғай кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы ақпарат берілді.

"Заманауи және цифрлық технологиялар қолданылатын нысан пайдалануға берілгеннен кейін, ол әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындардың қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Жобаға 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Мұнда қосымша 1200 жаңа жұмыс орны ашылады", - делінген хабарламада.

Президент комбинаттың құрылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды. Олег Новачук компания қызметкерлері мемлекет басшысының тапсырмасын барынша қысқа мерзімде орындап, жоспарға сәйкес өнім өндіре бастайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысшыларға жасалып жатқан жағдай жайында, атап айтқанда, оларды баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру туралы баяндалды.

Жаңалықтар
0