Видео

Қазан мектебіндегі атыс: оқ жаудырған жігіт туралы көршілері айтып берді – видео

Жазылу
Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте болған атыстың куәгерлері қайғылы оқиғаның қалай өрбігенін еске алды

Қазан тұрғындары 11 мамыр күні жергілікті мектепте болған қайғылы оқиға жайлы айтты.

"Жарылыс болды. Терезеден қарадым, бәрі жүгіріп жүр, не болып жатқанын көрейін деп сыртқа шықтым. Мектепке жақындап келдім, балаларды алып шығып жатыр екен, бәрі қан-жоса. Содан кейін үйіме келдім, ол жаққа да кіргізбей қойды", - деп еске алды қайғылы оқиғаны жергілікті тұрғындардың бірі.

Оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің көршісі оны сырт көзге "жақсы, зиялы жігіт" болып көрінгенін, оны мұндай әрекетке барады деп ойламағанын айтты.

Ильназ Галявиев қолданған қарудың ресми түрде тіркелгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазандағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Айта кетейік, Қазан мектебіндегі атыс салдарынан сегізінші сыныптың жеті оқушысы және бастауыш сыныптың мұғалімі көз жұмды

Оларға оқ атқан осы мектептің он тоғыз жасар түлегі. Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Енді Татарстанда барлық оқу орны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ Ресейде қаруға иелік ету ережелері күшейтіледі.

Жаңалықтар
0