НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
"Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, бүгін Қазанда екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты.
Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады
Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.