Қоғам

Елбасы Владимир Путинге көңіл айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Қазан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым, деді Назарбаев

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады. Ол Татарстан астанасы Қазан қаласында мектепке жасалған шабуыл кезінде балалар мен ересектердің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Елбасы сайты.

"Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айта кетейік, бүгін Қазанда екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты.

Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады 

Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Жаңалықтар
0