Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Өмір мен өлім, жеңіс пен жеңіліс: соғыс суреттері

Жазылу
Өртке оранған ауылдар, қаза тапқан сарбаздар, қоршаудағы Ленинград... Бұл кадрлар сонау сұрапыл соғыстың үрейі мен қорқынышын, Жеңіс үшін жанын қиған сарбаздардың ерлігін бейнелейді

Ресми мәліметке сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында 400-ден астам әскери тілші соғыс даласында еңбек етті. Олардың қатарында Макс Альперт, Евгений Халдей, Яков Рюмкин, Анатолий Гаранин, Всеволод Тарасевич, Марк Марков-Гринберг сынды танымал фотографтар да бар.

Әскери фотографтардың от пен оқтың ортасында жүріп, өз өмірлерін бәйгеге тіккені айтпаса да түсінікті. Олар соғыс даласындағы жағдайды суретке түсіріп, ахуал жайлы нақты деректер ұсынып отырды. Бұл соғыс жоспарын құру барысында өзекті рөл атқарды.

Кейде фотографтар арнайы құрастырылған көркем суреттер де түсірді. Бұл кадрлар мерзімді басылымның бірінші беттеріне басылып, соғыс кезінде кеңес халқын рухтандыруды мақсат етті. Әскери репортерлар мен танымал кадрлар жайлы біздің фотолентада.

Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео

Макс Альперт (1899-1980) — кеңестік фотограф және фоторепортер. Ол кеңестік репортажды суреттер топтамасын алғаш қолданғандардың бірі. Соғыс жылдарында Альперт тылда да, ұрыс даласында да еңбек етті.

Яков Рюмкин (1913-1986) — Ұлы Отан соғысы басталған уақыттан бері "Правда" газетінің фототілшісі қызметінде болды. Оның Сталинград шайқасы кезінде түсірген суреттері көбірек танымал. Украина, Молдова, Румыния, Венгрияны азат етуге фототілші ретінде қатысқан. Берлиндегі шайқасты да суретке түсірген.

Евгений Халдей (1917-1997) — ол соғыстың барлық 1418 күнінде иығына "Leica" камерасын асынып, Мурмансктан Берлинге дейін жүріп өтті. Ол түсірген іс-шаралардың қатарында сыртқы істер министрлерінің Париждегі кеңесі, Қиыр Шығыстағы жапондардың жеңілісі, Потсдамдағы одақтас держава басшыларының конференциясы секілді көптеген жиын-кеңестер бар.

Анатолий Гаранин (1912 - 1990) — Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең мықты соғыс репортерінің бірі. Соғыс жылдарында "Фронтовая иллюстрация" газетінің тілшісі. Кеңес Армиясының түрлі майдандағы соғыс әрекеттерін суретке түсірген.

Марк Марков-Гринберг (1907-2006) — соғыс басталған алғашқы күннен бері майданда жүрген. Ол соғысқа байланысшы ретінде қатысқанымен, соғыс пен демалыс минуттарының ерекше сәттерін суретке түсіріп отырған. 1943 жылдан бері "Слово бойца" газетінің фототілшісі болған.

Всеволод Тарасевич (1919-1998) — кеңестік фотожурналистиканың классигі. Ұлы Отан соғысы басталған шақтан бері Солтүстік-Батыс саяси басқаруының, кейіннен Ленинград майданының фототілшісі болған.

© Sputnik / Max Alpert / Медиабанкке өтуМакс Альперттің "Комбат" атты танымал жұмысы. Бұл сурет соғыстың символына айналды. Суретте: 18-армия 4-атқыштар дивизиясы 220-атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі Алексей Еременко жараланған рота командирі орнына тұрып, солдаттарды қарсы шабуылға бағыттау кезінде көз жұмды.
 Фотография Комбат Макса Альперта, 1942 год - Sputnik Қазақстан
1/25
Макс Альперттің "Комбат" атты танымал жұмысы. Бұл сурет соғыстың символына айналды. Суретте: 18-армия 4-атқыштар дивизиясы 220-атқыштар полкінің кіші саяси жетекшісі Алексей Еременко жараланған рота командирі орнына тұрып, солдаттарды қарсы шабуылға бағыттау кезінде көз жұмды.
© Sputnik / Max Alpert / Медиабанкке өтуГитлершілер белорус ауылын өртеп жіберді. Беларусь, 1944 жыл.
Гитлеровцы сожгли дотла белорусскую деревню, 1944 год - Sputnik Қазақстан
2/25
Гитлершілер белорус ауылын өртеп жіберді. Беларусь, 1944 жыл.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei"Рейхстагтағы Жеңіс белгісі" кадры, 1945 жыл. Бұл сурет соғыстың аяқталуын бейнелейтін Берлиннің ең танымал фотосы ретінде тарихқа енді.
Знамя Победы над Берлином, 1945 год - Sputnik Қазақстан
3/25
"Рейхстагтағы Жеңіс белгісі" кадры, 1945 жыл. Бұл сурет соғыстың аяқталуын бейнелейтін Берлиннің ең танымал фотосы ретінде тарихқа енді.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуФашистік Германияның Кеңес Одағы аумағына басып кіруін хабарлау кезінде көшеге жиналған Мәскеу тұрғындары, 1941 жылдың 22 маусымы.
Жители столицы 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о вероломном нападении фашистской Германии на Советский Союз - Sputnik Қазақстан
4/25
Фашистік Германияның Кеңес Одағы аумағына басып кіруін хабарлау кезінде көшеге жиналған Мәскеу тұрғындары, 1941 жылдың 22 маусымы.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуСоғыстың тағы бір танымал суреті. Фотода: кеңестік автоматшылар Граф айлағында соғысып жатыр, 1944 жыл.
Советские автоматчики ведут бой на Графской пристани, 1944 год - Sputnik Қазақстан
5/25
Соғыстың тағы бір танымал суреті. Фотода: кеңестік автоматшылар Граф айлағында соғысып жатыр, 1944 жыл.
© Sputnik / Max Alpert / Медиабанкке өтуКеңестік әйелдер мен балалар үйлеріне оралуда. Автор бұл фотоны "Туған ауылға қайтқанда" деп атады, 1943 жыл.
Советские женщины и дети возвращаются домой, 1943 год - Sputnik Қазақстан
6/25
Кеңестік әйелдер мен балалар үйлеріне оралуда. Автор бұл фотоны "Туған ауылға қайтқанда" деп атады, 1943 жыл.
© Sputnik / Anatoliy Garanin / Медиабанкке өтуМәскеу түбінде тұтқынға алынған немістер бейнеленген сурет, 1941 жыл.
Пленные немцы в Подмосковье, 1941 год - Sputnik Қазақстан
7/25
Мәскеу түбінде тұтқынға алынған немістер бейнеленген сурет, 1941 жыл.
© Sputnik / Max AlpertБарлаушылар қорғаныс шебінен өтуде, 1943 жыл.
Разведчики форсируют кубанские плавни, 1943 год - Sputnik Қазақстан
8/25
Барлаушылар қорғаныс шебінен өтуде, 1943 жыл.
© Sputnik / Yakov Ryumkin / Медиабанкке өту"Бейбітшілік естеліктері" атты туынды. Сталинград, 1943 жыл.
Мирные воспоминания. Сталинград, 1943 г. - Sputnik Қазақстан
9/25
"Бейбітшілік естеліктері" атты туынды. Сталинград, 1943 жыл.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуӘскери фотограф Анатолий Гаранин Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең әсерлі кадрлардың бірін түсіріп алды. "Сарбаздың өлімі" атты сурет фоторепортаждың классикасына айналды. Суретте: Қырым майданы, Керчь бағыты, 1942 жылдың сәуір-мамыр айлары.
Смерть солдата. Великая отечественная война 1941-1945 гг. Крымский фронт, Керченское направление апрель-май 1942 года. - Sputnik Қазақстан
10/25
Әскери фотограф Анатолий Гаранин Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең әсерлі кадрлардың бірін түсіріп алды. "Сарбаздың өлімі" атты сурет фоторепортаждың классикасына айналды. Суретте: Қырым майданы, Керчь бағыты, 1942 жылдың сәуір-мамыр айлары.
© Sputnik / Max Alpert / Медиабанкке өтуСоғыс кезіндегі артиллериялық есеп, Солтүстік Кавказ, 1943 жыл.
Артиллерийский расчет во время боя, Северный Кавказ, 1943 год - Sputnik Қазақстан
11/25
Соғыс кезіндегі артиллериялық есеп, Солтүстік Кавказ, 1943 жыл.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуЗенитшілер азат етілген Севастополь аспанын күзетіп тұр, 1944 жыл.
Зенитчики охраняют небо над освобожденным Севастополем, 1944 год - Sputnik Қазақстан
12/25
Зенитшілер азат етілген Севастополь аспанын күзетіп тұр, 1944 жыл.
© Sputnik / Vsevolod TarasevichЖау қоршауындағы Ленинград тұрғындары аязды күні сынған су құбырынан су алып жатыр, 1942 жыл.
Жители блокадного Ленинграда, 1942 год - Sputnik Қазақстан
13/25
Жау қоршауындағы Ленинград тұрғындары аязды күні сынған су құбырынан су алып жатыр, 1942 жыл.
© Sputnik / Anatoliy Garanin / Медиабанкке өтуСталин атындағы механизация және моторизация әскери академиясы жанындағы танк полкі соғысқа аттанар алдында. Мәскеу, 1941 жылдың маусымы.
Танковый полк при Военной Академии механизации и моторизации им. Сталина. Перед отправкой на фронт. Москва, июнь 1941 года - Sputnik Қазақстан
14/25
Сталин атындағы механизация және моторизация әскери академиясы жанындағы танк полкі соғысқа аттанар алдында. Мәскеу, 1941 жылдың маусымы.
© Sputnik / Anatoliy Garanin / Медиабанкке өтуЛенинградтағы Нева даңғылындағы аэростаттар, 1941 жыл.
Аэростаты на Невском проспекте в Ленинграде, 1941 год - Sputnik Қазақстан
15/25
Ленинградтағы Нева даңғылындағы аэростаттар, 1941 жыл.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуАтыс кезінде анасы баласын денесімен бүркеп жатыр. Красная слобода ауылы, Брянск майданы, 1941 жыл.
Первые дни Великой Отечественной войны - Sputnik Қазақстан
16/25
Атыс кезінде анасы баласын денесімен бүркеп жатыр. Красная слобода ауылы, Брянск майданы, 1941 жыл.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуГраф айлағы жанындағы Севастополь қирандыларындағы тұтқын немістер, 1942 жыл. Бұл сурет Севастопольді қорғау кезінде түсірілген.
Пленные немцы на развалинах Севастополя около Графской пристани, 1942 год - Sputnik Қазақстан
17/25
Граф айлағы жанындағы Севастополь қирандыларындағы тұтқын немістер, 1942 жыл. Бұл сурет Севастопольді қорғау кезінде түсірілген.
© Sputnik / Yevgeny KhaldeiҚызыл Ту орденді гвардиялық авиация полкінің жауынгерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Севастополь аспанында, 1944 жыл.
Истребители гвардейского Краснознаменного авиаполка в небе над Севастополем во время Великой Отечественной войны, 1944 год - Sputnik Қазақстан
18/25
Қызыл Ту орденді гвардиялық авиация полкінің жауынгерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Севастополь аспанында, 1944 жыл.
© Sputnik / Mark Markov-Grinberg / Медиабанкке өтуКеңестік сарбаздар хаттарды сұрыптап жатыр. 2-Беларусь майданы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.
Советские воины во время разбора почты, 2-ой Белорусский фронт - Sputnik Қазақстан
19/25
Кеңестік сарбаздар хаттарды сұрыптап жатыр. 2-Беларусь майданы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.
© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуМобилизация. Жауынгерлер легі майданға қарай бет алуда. Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.
Мобилизация. Колонны бойцов движутся на фронт. Москва, 23 июня 1941 года - Sputnik Қазақстан
20/25
Мобилизация. Жауынгерлер легі майданға қарай бет алуда. Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.
© Sputnik / Mark Markov-Grinberg / Медиабанкке өтуОқу-жаттығу кезіндегі сарбаздар, Брянск майданы, 1942 жыл. Оқу-жаттығу кезінде танк сарбаздар жатқан окоптан өтіп жатыр.
Солдаты во время учений, Брянский фронт - Sputnik Қазақстан
21/25
Оқу-жаттығу кезіндегі сарбаздар, Брянск майданы, 1942 жыл. Оқу-жаттығу кезінде танк сарбаздар жатқан окоптан өтіп жатыр.
© Sputnik / Yevgeny KhaldeiОмолица ауылының тұрғындары Югославия жеріне бірінші болып ұшып келген кеңестік ұшқыш Семен Бойкоға қошемет көрсетуде, 1944 жыл.
Жители деревни Омолица приветствуют советского летчика Семена Бойко, прилетевшего первым на югославскую землю - Sputnik Қазақстан
22/25
Омолица ауылының тұрғындары Югославия жеріне бірінші болып ұшып келген кеңестік ұшқыш Семен Бойкоға қошемет көрсетуде, 1944 жыл.
© Sputnik / Yevgeny Khaldei / Медиабанкке өтуБерлиндегі Александерплацтағы әскери реттеуші Мария Шальнева, 1945 жыл.
Военная регулировщица Мария Шальнева на Александерплац в Берлине, 1945 год - Sputnik Қазақстан
23/25
Берлиндегі Александерплацтағы әскери реттеуші Мария Шальнева, 1945 жыл.
© Sputnik / Max AlpertМәскеу, 1945 жыл. Жеңіс шеруі. Жеңілген фашист армиясының жалаулары Кремль қабырғасына қарай жығылуда.
Парад Победы на Красной площади, 1945 год - Sputnik Қазақстан
24/25
Мәскеу, 1945 жыл. Жеңіс шеруі. Жеңілген фашист армиясының жалаулары Кремль қабырғасына қарай жығылуда.
© Sputnik / Anatoliy Garanin / Медиабанкке өтуӘуедегі шабуылдан қорғану әскерінің прожекторлары Мәскеу аспанын жарықтандырып тұр, 1941 жылдың маусымы.
Лучи прожекторов войск ПВО освещают небо Москвы, 1941 год - Sputnik Қазақстан
25/25
Әуедегі шабуылдан қорғану әскерінің прожекторлары Мәскеу аспанын жарықтандырып тұр, 1941 жылдың маусымы.
Жаңалықтар
0