Өңірлер

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

© Photo : ДЧС ВКОПожар в Риддере
Пожар в Риддере - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі кезде жекелеген учаскелерде ағаш діңгектерін сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Риддерде төтенше жағдай енгізуге шешім қабылданды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Иә, бүгін Шығыс Қазақтан обылсының әкімдігі Риддер қаласының аумағында қалалық масштабта төтенше жағдай режимін жариялады", – деді Уәли.

Айта кетейік, 10 мамырда Риддер қаласында қураған ағаштар жана бастады. Түстен кейін тілсіз жау Лесхоз кентінің Сосновый бор мен Лихачев көшелерін шарпыды. Өрт Комиссаров, Сосновый бор, Коммунальная, Лихачев пен Жуковский секілді 5 көшеге тарады. Аталған көшелерде 59 тұрғын үй болған. Соның ішінде 37 тұрғын үй өртенген (9 шаруашылық құрылыс).

"Өртенген үйлерде 83 адам тұрады. Зардап шеккен 13 адам жатақханаға, қалған 68 адам туыстарының үйіне орналасты. Өрт орнында 1948 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ ауруханаға 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр, денесінің 88 және 80 процентін күйік шалған", – деп атап өтті Уәли арнайы брифингте.

Бүгін таңертең "Қазавиаорманкүзет" мекемесінің тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша өрт алаңы – 283 гектар болып нақтыланды. Сағат 07.00-де елді мекен ішіндегі өрт сөндірілді. Орман өртінің периметрі бойынша ашық жану байқалмайды.

Оқи отырыңыз: Риддердегі алапат өрт: Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерде ағаш діңгектерін сөндіру шаралары атқарылып жатыр.

Материалдық шығынды анықтау мақсатында арнайы комиссиясы құрылды.

Жаңалықтар
0