Өңірлер

Павлодарда шырт ұйқыда жатқан тұрғындар көшеге шығуға мәжбүр болды – видео

© Photo : Pixabay / Radosław KulupaПодожженная спичка
Подожженная спичка - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Өңірлік төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Сибирская көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде өрт шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Павлодарда түнде көп қабатты үйде өрт шығып, 50-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 11 бала бар, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Өңірлік төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Сибирская көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түнгі 2:57-де түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Бесінші қабатта балкондағы үй заттары, жиһаз бен ағаш терезе жақтауы жанған. Өрт әрі қарай жоғары қабаттағы пәтердің балконына жайылған. Ол жақта да ағаш жақтау мен заттар жанған. Өрттің жалпы аумағы 11,5 шаршы метрді құрады.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден 49 адам, оның ішінде 11 бала өздері шыққан. Апат медицинасы орталығына демікпесі бар 1967 жылы туған әйел жүгінді, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Риддердегі алапат өрт: Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Өрт 03:37-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0