Әлем

Ауғанстандағы ішкі проблемаға қол сілтеуге болмайды

© REUTERS / OMAR SOBHANIАфганские силы безопасности следят за мечетью после взрыва в Кабуле, Афганистан, 24 мая 2019 года
Афганские силы безопасности следят за мечетью после взрыва в Кабуле, Афганистан, 24 мая 2019 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Ауғандар қырық жылдан бері бір-бірімен, 28 жылдан бері басқа мемлекет әскерімен соғысып келеді. Қазір Ауғанстанда түрлі саяси, діни тағы басқа да көзқарасты ұстанатын халық пен құрылымның бейбіт және өзара келісімде тіршілік етуіне қол жеткізу маңызды  

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Сәуірдің ортасында Джо Байден АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан толық шығару күнін 1 мамырдан 11 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылдаған соң елдегі қантөгіс күрт өршіп кетті, деп жазды РИА Новости.

8 мамырда Кабул маңындағы Дашт-э-Барчи ауданындағы жарылыс салдарынан алпысқа жуық адам көз жұмды. Олардың басым бөлігі 11-15 жас аралығындағы оқушы қыздар. Не болып жатыр? Бәзбіреулер елден әскердің кеткенін қаламай ма әлде керісінше ме?

Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Әлем
2021 жылы саяхат жасауға ең қауіпті елдер аталды
КСРО ыдырағанына қарамастан Ресей мен Ауғанстанның ортақ шекарасы бар. Ауғанстанмен бұрынғы кеңестік шекараның басым бөлігі жатқан Тәжікстан ҰҚШҰ-ға мүше, яғни орыстың одақтасы. Ауғанстанмен шекаралас Өзбекстан мен Түрікменстан Ресейдің ұлттық мүдделері мен жауапкершілік аймағына кіреді.

Егер Ауғанстанда толыққанды азаматтық соғыс басталса, онда ол Орталық Азияға әсер етпей қоймайды. Себебі жоғарыда аталған үш республикадағы ұлттар да дәл осы Ауғанстанда тіршілік етіп жатыр. Ресей болса Ауғанстаннан АҚШ әскерін әкетуді өзіне қарсы ашылған соғыс деп бағалап отырғаны тағы бар. Орыстардың пайымдауынша Вашингтон осы әрекеті арқылы Мәскеу назарын шығысқа қарай бұрғысы келіп отыр.

Алайда осылай ойлауға негіз бар ма? Жалпы америкалықтардың Ауғанстанда қол жеткізген қандай да бір нәтижесі жайлы ауыз толтырып айтуға бола ма?

"Әл-Каиданың"* көзін жойды дейтіндей оның полктері мен дивизиясы болды ма әлде ол әлі де ислам әлемінің түрлі аймақтарындағы топтардың басын біріктіретін желілік құрылым қалпында қалып отыр ма? Иә, радикалды көзқарастағы топтар. Бірақ Ауғанстан ісіне америкалықтардың араласуы жихадшылар санының артуы мен олардың ашу-ызасының еселенуіне әкеліп соққан жоқ па?

Тәлібтерді жеңді ме? Бірақ америкалық сарбаздар ауған елінен кеткен соң дәл осы тәлібтер билікке келетін түрі бар.

Ауғанстанды Ресей мен Қытайға қысым көрсету үшін қолданар болса, ең алдымен Ауғанстанды өзіне түбегейлі бағындыру керек еді. Бірақ ондай жағдай бола қоймады. Ауғанстаннан кететін болса, өздерімен бірге АҚШ-қа жұмыс істеген ондаған мың ауғанды да қоса ала кетуіне тура келеді.

Молодые люди спасают остатки вещей из развалин домов после внезапного наводнения в Чарикаре, провинция Парван, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Ауғанстанда әскери-саяси ахуал қайта ушықты
АҚШ Ауғанстаннан кеткеннен кейін көрші елдерде табан тіреуді көздеп отырған сыңайлы. The Wall Street Journal сенбі күні таңертең "Вашингтон Ауғанстаннан өз әскерін шығарғаннан кейін тәлібтерді бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін әскерді орналастыратын өңірлік плацдарм іздестіріп жатқанын" жазды. Көрші мемлекеттермен қатар БАӘ секілді шет елдер, сондай-ақ әскери-теңіз күштері кемелерін орналастыру үшін Парсы шығанағы секілді нұсқалар қарастырылып жатыр.

Байден егер "Әл-Каида"* немесе ИГИЛ* Америкаға немесе оның Ауғанстандағы мүдделеріне қауіп төндіретін болса, онда Вашингтон әуе соққысын жасайтынын мәлімдеді. Бірақ америкалықтар жылдам әрекет ету мүмкіндігін көздеп отыр. Себебі қыркүйекте, кей деректе шілдеде әскер кеткен соң Ауғанстанда америкалық та, басқа елдердің де әскері қалмайды. Америка елшілігіне шабуыл жасалса қайтпек? Пәкістаннан көмек жібере ме? Тым алыс. Оның үстіне бұл елмен қарым-қатынас та шиеленісіп тұр. Сондықтан "әскери база құру үшін қолайлы нұсқа Ауғанстанмен тікелей шекаралас Өзбекстан мен Тәжікстан болып отыр".

Бірақ америкалықтардың Орталық Азияға табан тіреуіне Ресей мен Қытай кедергі болады. 2001 жылдың қыркүйегіндегі жағдайдан кейін АҚШ Қырғызстан мен Өзбекстанда әскери база құрды. Бірақ орыстар мен қытайлар америкалықтардың Орталық Азияға сіңісуіне жол бермейтін секілді. Ауғанстанның қауіпсіздігіне Ресей мен Қытай құрған Шанхай ынтымақтастық ұйымы жауап береді. Бұл ұйымға қазір тек ортаазиялық республикалар емес, Үндістан мен Пәкістан да мүше болып отыр. Жақын уақытта Иран да тең құқылы мүше болмақ.

Яғни Ауғанстан ШЫҰ мүше елдердің қоршауында болады. Әйтсе де ауған елінің өзінде де бақылаушы мәртебесі бар. Кабулды ұйымға мүше етіп қабылдауға Ауғанстанның бөгде елдің басқаруында болуы тікелей кедергі болды. ШЫҰ мақсаты – Азияда, соның ішінде ең алдымен Орталық Азияда бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. ШЫҰ-ның әзірше бітімгерлері жоқ. Бірақ ауған еліндегі бір басқыншыны екінші басқыншымен алмастырудың мәні де жоқ.

АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылады - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан аумағынан шығарылады - видео
Ауғандар қырық жылдан бері бір-бірімен, 28 жылдан бері басқа мемлекет әскерімен соғысып келеді. Қазір Ауғанстанда түрлі саяси, діни тағы басқа да көзқарасты ұстанатын халық пен құрылымның бейбіт және өзара келісімде тіршілік етуіне қол жеткізу маңызды. Оған Ресей, Қытай, Пәкістан, Иран, Үндістан секілді жақын орналасқан және көрші мемлекеттер белсенділік танытуы керек.

Әрине, бұл мәселеге ауғандардың бітімгершілігіне АҚШ та қатыса алады. Бірақ елден әскер кеткен соң ислам елінің оларға деген көзқарасы түбегейлі өзгеріп, ешқандай диалог орнамауы ықтимал. Қалай болғанда да америкалықтар Ауғанстан аумағынан шыққан соң мұндағы жағдайға деген жауапкершілік ШЫҰ-ға, соның ішінде Ресей, Қытай мен Пәкістанға жүктеледі. Ауғанстандағы күрделі мемлекетішілік проблемалар оған қол сілтеуге немесе бойды алшақ ұстауға себеп емес.

ШЫҰ кем дегенде ауған проблемасы ел аумағынан тыс шығып, көрші елдердің аумағына да ықпал етуіне жол бермеуі керек. Ал бар күш-жігерін жұмсаса, ауған тараптарын шынайы бітімге келіп, жаңа федеративті Ауғанстан құруға итермелеуі қажет. Сонда ғана жарты ғасырға жуық уақыттан бер соғыстан көз ашпаған жігерлі халық бейбіт заманда күн кешіп, болашаққа жоспар құра алады.

*Әл-Каида – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0