Қоғам

ҰБТ-2021: Бүгін сегіз мың оқушы тест тапсырады

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Бүгін қазақстандық оқушылар алғаш рет тесті электронды форматта тапсырады. ҰБТ шамамен үш айға созылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Емтиханның алғашқы күнінде бүкіл республика бойынша сегіз мың оқушы тест тапсырады.

Қазақстанда тұңғыш рет мектептің басты емтиханы компьютердің көмегімен өтеді. Енді қағаздағы дөңгелектерді бояудың еш қажеті жоқ.  

"Бүгін бүкіл ел аумағында тестілеу басталды. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Оқушылар орындарына жайғасты. Түлектер бар назарын емтиханға аударып, мейлінше жоғары балл алуға тырысады. Көп оқушы наурызда сынақ ҰБТ-ны тапсырған болатын"¸- деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Sputnik Қазақстанға.

Айта кету керек, барлық оқушы ҰБТ-ны екі ауысым бойынша тапсырады (түске дейін 4 мың адам, түстен кейін 4 мың адам). Елордадағы тест орталығында бірінші топта 165 оқушы тест тапсырады.

Оқушы бітіру емтихандарын өткізбеуді талап етті – білім министрлігінің жауабы

"Аудиторияға тыйым салынған затты алып кіруге тырысқандар туралы әзірше ақпарат жоқ. Қазір олар грантқа оқуға түсу үшін бақ сынап көреді. Сондықтан олар тестілеуге дайындалып, өз білімдеріне ғана сеніп келіп отыр"¸- дейді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

ҰБТ-да жоғары балл жинағандарды не күтіп тұр

Ұлттық тестілеу орталығы дәстүрді бұзбай, ең жоғарғы балл (140 балл) жинаған оқушыларға соңғы үлгідегі ноутбук сыйлауды жоспарлап отыр.

Өткен жылы ҰБТ-да ешбір оқушы 140 балл жинай алмады. Алайда 139 және 138 балл алған түлектерге білім министрлігі тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.

ҰБТ-2021

Қазақстан бойынша ҰБТ тапсыруға арналған 51 орында үш ай бойы оқушылар өздері таңдаған күн мен уақытта екі рет тест тапсыра алады. Электронды ҰБТ кезінде түлектер тест нәтижесін бірден біліп, қажет болса 30 минут ішінде апелляцияға өтініш жолдай алады.

Жаңалықтар
0