Қоғам

Оқушы бітіру емтихандарын өткізбеуді талап етті – білім министрлігінің жауабы

© Sputnik / Болат ШайхиновВыпускники школы №77 города Астаны
Выпускники школы №77 города Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2021
Жазылу
Мектеп оқушысы Қазақстан президентіне, сондай-ақ білім және ғылым, денсаулық сақтау министрлеріне үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары биліктен 9 және 11-сыныптарға арналған қорытынды емтихандарды өткізбеуді сұраған ақтөбелік оқушының үндеуін таратып жатыр.   

emiritze деген лақап атпен тіркелген қолданушы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің басшыларына үндеу жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @emiritze

"Біз тоғызыншы және он бірінші сыныптарға арналған 2021 жылғы қорытынды аттестаттаудан бас тартуды және аттестатқа түлектердің жылдық бағалары негізінде баға қоюды талап етеміз", - деп мәлімдеді бозбала.  

Ол Қазақстанда сәуірде коронавирусқа қатысты жағдай өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда айтарлықтай нашарлағанын атап өтті. Дегенмен өткен жылы 9 және 11 сыныптарға арналған емтихандар болмады. Ал қазір еліміздің көптеген аймағы коронавирустың "қызыл" аймағына енген кезде емтихан өткізу жоспарланып отыр.

"Біз жарты жыл онлайн оқыдық, ал үшінші тоқсанда оффлайнға ауыстырды, бірақ бұл уақыт нәтижелі болмады. Көптеген оқушы тіпті мектепте жүріп инфекция жұқтырды. Түлектерге қазір үлкен салмақ түсіп отыр: пандемия жағдайында ҰБТ, оқуға түсу және аттестаттау күтіп тұр", - деп жалғастырды оқушы.

Сондай-ақ, ол түлектерге емтиханды жабық бөлмеде маска киіп отырып, бес сағат ішінде тапсыруға тура келетіндігіне шағымданды.

"Бұл қауіпті және науқастардың көбеюіне әкеп соқтыруы мүмкін", - деп түйіндеді оқушы.

Үндеуге жауап ретінде білім министрлігінің баспасөз қызметі 9 және 11-сыныптардың қорытынды емтихандары тоқтатылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін ведомство емтихан өткізу қажет деп мәлімдеген болатын. Осы қорытынды емтихандарға дайындалу үшін 9 және 11-сынып оқушыларын оффлайн режимінде оқыту туралы шешім қабылданған.

Жаңалықтар
0