Өңірлер

Түркістан облысында 16 жастағы қыздың жоғалуына құрбысының қатысы бар болып шықты

© Photo : Luisella Planeta Leoni Девушка держит мобильный телефон
Девушка держит мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Бойжеткен ата-анасы құрбысының үйіне жібермейтінін біліп, сұранбастан басқа ауылға кетіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне кешкі уақытта жергілікті тұрғынның бірі "102" телефоны арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды 

Тәртіп сақшылары аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі күннің ішінде тәртіп сақшылары жас қызды 100 шақырым жердегі Қызылқұм ауылынан тауып алды. Осылайша жоғалған 16 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды.

Белгілі болғандай қызды құрбысы үйіне қонаққа шақырған. Алайда қыз ата-анасы жібермейтінін біліп, ескертпестен шығып кеткен. Ал ата-анасы қыздарын іздеп, нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

"Жоғалған немеремді тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!", – деп алғыс білдірді немересімен қауышқан ақсақал.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Жаңалықтар
0