14:22 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
15351 0 0

Сейсенбі күні полиция бөліміне жатақхана қызметкері хабарласып, колледж студенті жоғалғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні полиция бөліміне жатақхана вахтері хабарласып, колледж студенті жоғалғанын хабарлады. 

"Полицейлер қыздың достары мен курстастарын сұрастырды. Жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция жасақтарына берілді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция жоғалған қызды Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында тапты", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 15 жасар студент оқу орнының кураторына табысталды.

Соңғы екі айда облыста 8 кәмелетке толмаған бала жоғалып кетті. Барлығы табылды. Полиция департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Кәмелетке толмағандар жоғалуының негізгі себептері – балалар үйіндегі, отбасындағы жанжал. Сондай-ақ балаларға қатыгездік танытатын және тұрмысы нашар отбасылардың балалары жиі жоғалады.

Тақырып бойынша

Түркияда 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақ қызы өлі табылды
Итпен серуендеуге кеткен: Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Алматыда 9 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды
Кілт сөздер:
қыз, кәмелетке толмаған, Ақтөбе облысы
Загрузка...

Басты тақырып