Өңірлер

Белгіленген жерден өтіп бара жатқан: Талдықорғанда үш қыз көлік астында қалды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуПешеходы
Пешеходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Жергілікті полиция жол апатының Талдықорған медициналық колледжінің жанында болғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда екі жедел жәрдем көлігі мен көлік кептелісі және көмекке ұмтылған адамдардың абыр-сабыр болып жатқаны көрінеді. Видео авторы шетелдік көлік айналма жолдың маңында бірнеше қызды қағып кеткенін айтады.

Жергілікті полиция бұл деректі растады және апат Талдықорған медициналық колледжінің жанында болғанын мәлімдеді. Жол апатына 31 жастағы Daimler Benz жүргізушісі себеп болған.

"Оқиға салдарынан үш қыз зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші әкімшілік заңға сәйкес жауапқа тартылды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің әрбіріне бас-мидың шайқалуы мен түрлі дене жарақаты диагнозы қойылған. Екі қызға амбулаториялық емделуге жолдама берілді.

"Тағы бір қыз бас-ми жарақатын алып, мойын сүйегінің сынуына байланысты травматология бөліміне жатқызылды", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншінің сөмкесінен 13 пакет есірткі табылды – видео

Жаңалықтар
0