Өңірлер

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Болат ШайхиновСильный дождь в Астане
Сильный дождь в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 6-8 мамыр күндері ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Метеорологтардың айтуынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы қалыптасады. Жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

"Қазақстан аумағына батыс антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, солтүстікте түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылы болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр әсерінен күндізгі ауа температурасы 20-25 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер мамырға ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес мамырдың басында солтүстікте және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жауын-шашын көп түседі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Мамырдың басында күн жылынғанымен кейін қайта салқындауы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда мамырдың бірінші жартысында, солтүстікте айдың соңында суық күндер аяқталады. Бірақ оңтүстік өңірлерде мамырдың соңында, солтүстік және шығыста тіпті маусымда да үсік жүруі ықтимал.

Жаңалықтар
0