17:41 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3312 0 0

Синоптиктер ертең республиканың бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жел соғады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының кей жерінде 5 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шаңды дауыл болады, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерде секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтауда 5 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

5 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың кей жерінде шаңды дауыл болады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 5 мамырда түнде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Оралда желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында 5 мамырда кей жерде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел соғады, желдің күші күндіз 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер мамырға ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес мамырдың басында солтүстікте және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жауын-шашын көп түседі.

Мамырда күн жылынғанымен қайта салқындауы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда мамырдың бірінші жартысында, солтүстікте айдың соңында суық күндер аяқталады. Бірақ оңтүстік өңірлерде мамырдың соңында, солтүстік және шығыста тіпті маусымда да үсік жүруі ықтимал.

Кілт сөздер:
Қазақстан, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып