Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы: тылсым, құпия, аңыз – фото

Жазылу
Тараздың шығыс жағында орналасқан Ақыртастың ақиқаты әлі ашылған жоқ. Оның айналасындағы деректер тек болжам мен жорамалға негізделген. Сондықтан болар, бұл нысандағы зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Жамбыл облысының орталығы – көне Тараз қаласынан 40 километр қашықтықта орналасқан Ақыртас қалашығы өн бойына тылсымды бүгіп жатыр. Қырдағы қызыл тастардың қайдан және қалай пайда болғаны туралы тек болжам бар. Нысанды зерттеген әр ғалым, әр экспедиция тек жорамалға сүйенген мәліметтер ұсынуда. Өйткені мұнда жұмбақ пен құпия басым.

Ақыртас жайлы алғашқы дерек 1222 жылы Шыңғысханның шақыртуымен жолға шыққан қытай саяхатшысы Чин-Чунеленің күнделігінде кездеседі. Ол қойын дәптеріне "Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады" деп жазған.

Оқи отырыңыз: Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото

Шөлді далада ғайыптан пайда болғандай әсер қалдыратын қалашықтың тастары пішінімен таңғалдырады. Қолда бар тарихи дерекке сәйкес VIII-IX ғасырларға жататын бұл шаһардың қызғылт тастары он ғасырдан астам уақытты артқа тастағанымен, біздің заманымызға мінсіз қалыпта жетіп отыр.

2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ақыртас әлем археологтары мен зерттеушілерінің назарын аударды. Қазір қалашық аумағындағы зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ел арасында "алыптар тұрғызған сарай" деп те аталатын бұл қалашықтың құпиясын ашу болашақтың еншісінде екені белгілі. Әйтсе де Ақыртас сыры бүгулі күйінде қалуы да ғажап емес.

Жазира далада шашырап жатқан құпиялы қызғылт тастар мекені – Ақыртас жайлы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

© Sputnik / Ақмарал ШағатайАқыртас қалашығында қаланған тастардың биіктігі кей деректер бойынша 3-4 метрді құраған. Алайда ондаған ғасырда мүжілмеген бұл тастарды адамдар Түркістан – Сібір теміржол құрылысы кезінде пайдаланып тауыса жаздаған. Содан болар, қазір қалашықтың еңсесі біршама басылып қалған.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/16
Ақыртас қалашығында қаланған тастардың биіктігі кей деректер бойынша 3-4 метрді құраған. Алайда ондаған ғасырда мүжілмеген бұл тастарды адамдар Түркістан – Сібір теміржол құрылысы кезінде пайдаланып тауыса жаздаған. Содан болар, қазір қалашықтың еңсесі біршама басылып қалған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайАқыртас жайлы алғашқы дерек 1222 жылы Шыңғысханның шақыртуымен жолға шыққан қытай саяхатшысы Чин-Чунеленің күнделігінде кездеседі. Ол қойын дәптеріне "Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады" деп жазған.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
2/16
Ақыртас жайлы алғашқы дерек 1222 жылы Шыңғысханның шақыртуымен жолға шыққан қытай саяхатшысы Чин-Чунеленің күнделігінде кездеседі. Ол қойын дәптеріне "Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады" деп жазған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚалашықтағы тастардың пішіні таңғаларлықтай. 8-10 ғасырда қазіргідей техника жоқтығы, барлық құрылыс тек адам күшімен орындалғанын еске түсірсек, онда ауыр тастарды қайшымен қиғандай түзу етіп бөлшектеудің артында қандай еңбек жатқаны айтпаса да түсінікті. Ғалымдар Ақыртасты тұрғызуда қандай әдіс-тәсіл қолданылғанын да дөп басып айта алмай отыр. Тіпті бұл тастардың қалай жеткізілгенін анықтайтын ешқандай дерек жоқ.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
3/16
Қалашықтағы тастардың пішіні таңғаларлықтай. 8-10 ғасырда қазіргідей техника жоқтығы, барлық құрылыс тек адам күшімен орындалғанын еске түсірсек, онда ауыр тастарды қайшымен қиғандай түзу етіп бөлшектеудің артында қандай еңбек жатқаны айтпаса да түсінікті. Ғалымдар Ақыртасты тұрғызуда қандай әдіс-тәсіл қолданылғанын да дөп басып айта алмай отыр. Тіпті бұл тастардың қалай жеткізілгенін анықтайтын ешқандай дерек жоқ.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайЖазық далада шашырап жатқан қызғылт тастардың қойнауы құпияға толы екені белгілі. Сондықтан бұл нысанда зерттеу жүргізген ғалым көп. Солардың бірі П. Лерх "Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы" десе, академик В. Бартольд мұны "несториан ғибадатханасы" деген болжам айтады. Археолог Т. Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі екен. Ал осы ғимаратты 1940 жылдан 30 жыл бойы тікелей өзінің бақылауында ұстаған академик Пацевич былай деп жазды: "Мұндай керемет есептерге сүйеніп жасалған құрылыс және блоктарға пайдаланған материалдар бұдан бұрын болған емес. Бабаларымыздың тарихи мақтанышы әрі ғажап ескерткіші – Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да, құпиясы да, құдіреті де жетеді".
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы   - Sputnik Қазақстан
4/16
Жазық далада шашырап жатқан қызғылт тастардың қойнауы құпияға толы екені белгілі. Сондықтан бұл нысанда зерттеу жүргізген ғалым көп. Солардың бірі П. Лерх "Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы" десе, академик В. Бартольд мұны "несториан ғибадатханасы" деген болжам айтады. Археолог Т. Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі екен. Ал осы ғимаратты 1940 жылдан 30 жыл бойы тікелей өзінің бақылауында ұстаған академик Пацевич былай деп жазды: "Мұндай керемет есептерге сүйеніп жасалған құрылыс және блоктарға пайдаланған материалдар бұдан бұрын болған емес. Бабаларымыздың тарихи мақтанышы әрі ғажап ескерткіші – Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да, құпиясы да, құдіреті де жетеді".
© Sputnik / Ақмарал ШағатайТылсым бар жерде, аңыз-әңгіменің тарауы қалыпты құбылыс. Сондықтан құпия қалашық жайлы ел аузында аңыз-хикая жетерлік. Соның бірі мына тұрған тастар осы қалашықтың жергілікті халқы дегенді жеткізеді. Ақыртасқа дұшпандардан зор қауіп төніп, жау жақындаған сәтте қала жұрты құдайға жалбарынып, "бізді жауға құл еткенше, тасқа айналдыр!" деп жаппай жалбарынған көрінеді. Ел тілегі қабыл болып, қала халқы түгелдей тасқа айналыпты-мыс.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
5/16
Тылсым бар жерде, аңыз-әңгіменің тарауы қалыпты құбылыс. Сондықтан құпия қалашық жайлы ел аузында аңыз-хикая жетерлік. Соның бірі мына тұрған тастар осы қалашықтың жергілікті халқы дегенді жеткізеді. Ақыртасқа дұшпандардан зор қауіп төніп, жау жақындаған сәтте қала жұрты құдайға жалбарынып, "бізді жауға құл еткенше, тасқа айналдыр!" деп жаппай жалбарынған көрінеді. Ел тілегі қабыл болып, қала халқы түгелдей тасқа айналыпты-мыс.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайМахаббатқа негізделген аңыз да жетерлік. Сондай хикаяның біріне сәйкес, Адам атаның қызынан Әжі атты алып туған деседі. Оның бойы биіктігі соншалық, жерді басқан топан су оның тізесіне дейін ғана жеткен екен. Бірде алып Түймекент ханының көркем қызы барын естіп, сол жаққа құда түсуге адам жібереді. Хан алыпқа құрмет көрсетіп, қызын беретінін, алайда қалыңмал сұрамайтынын, оның орнына тастан қала салып беруін өтінген екен. Ханның бұл өтінішін жерде қалдырмай, Әжі тастан қала сала бастайды. Қызу еңбек кезінде ол айдай сұлу болашақ жарын алыстан көріп, басы айналып, аяқ-қолынан әл кетіп, жұмыс жасаудан қалады. Бойжеткеннің бетіне тіке қарай алмадым, оны қалай жар етпекпін деп өкінген Әжі бұл қылығына ұялып, басқа аймаққа кетіп қалған деседі. Ал тас қаланың құрылысы сол күйі аяқсыз қалған екен.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
6/16
Махаббатқа негізделген аңыз да жетерлік. Сондай хикаяның біріне сәйкес, Адам атаның қызынан Әжі атты алып туған деседі. Оның бойы биіктігі соншалық, жерді басқан топан су оның тізесіне дейін ғана жеткен екен. Бірде алып Түймекент ханының көркем қызы барын естіп, сол жаққа құда түсуге адам жібереді. Хан алыпқа құрмет көрсетіп, қызын беретінін, алайда қалыңмал сұрамайтынын, оның орнына тастан қала салып беруін өтінген екен. Ханның бұл өтінішін жерде қалдырмай, Әжі тастан қала сала бастайды. Қызу еңбек кезінде ол айдай сұлу болашақ жарын алыстан көріп, басы айналып, аяқ-қолынан әл кетіп, жұмыс жасаудан қалады. Бойжеткеннің бетіне тіке қарай алмадым, оны қалай жар етпекпін деп өкінген Әжі бұл қылығына ұялып, басқа аймаққа кетіп қалған деседі. Ал тас қаланың құрылысы сол күйі аяқсыз қалған екен.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайСонымен қатар халық арасында тараған әңгімеге сәйкес, Ақыртастың астында Тараздағы көне нысанның бірі – Тектұрмасқа жеткізетін жерасты жолы бар. Сол жолды тауып, құпияның сырын ашпақ болған ниетте жер астына түскен ғалымның ешбірі қайта шықпаған. Сол себепті зерттеушілер жердің астында табиғи газ қоры бар деген болжам жасап, әлгі жолдың есігін жауып тастаған. Бірақ бұл теорияны ғалымдар жоққа шығарып, оны ел аузындағы аңыз деп айтуда.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
7/16
Сонымен қатар халық арасында тараған әңгімеге сәйкес, Ақыртастың астында Тараздағы көне нысанның бірі – Тектұрмасқа жеткізетін жерасты жолы бар. Сол жолды тауып, құпияның сырын ашпақ болған ниетте жер астына түскен ғалымның ешбірі қайта шықпаған. Сол себепті зерттеушілер жердің астында табиғи газ қоры бар деген болжам жасап, әлгі жолдың есігін жауып тастаған. Бірақ бұл теорияны ғалымдар жоққа шығарып, оны ел аузындағы аңыз деп айтуда.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайАқыртастың қойнауында жатқан тылсым күш адамдардың бойындағы дертке дауа, ауруына шипа бола алады деп сенетіндер көп. Сондықтан қалашыққа арнайы ат басын бұрып, қызғылт тастың үстінде тізе бүгетіндер де бар.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
8/16
Ақыртастың қойнауында жатқан тылсым күш адамдардың бойындағы дертке дауа, ауруына шипа бола алады деп сенетіндер көп. Сондықтан қалашыққа арнайы ат басын бұрып, қызғылт тастың үстінде тізе бүгетіндер де бар.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайЖүрек түкпіріндегі ізгі тілегі мен арманының орындалуына себепші болады деп сенгендер алып тастың түбіндегі бір шоқ жасыл желекке ақ мата байлайды.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
9/16
Жүрек түкпіріндегі ізгі тілегі мен арманының орындалуына себепші болады деп сенгендер алып тастың түбіндегі бір шоқ жасыл желекке ақ мата байлайды.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайАқыртастың қабырғасы қаланған тастар алдын ала өңделіп, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылғаны және кешенге су жеткізу жүйесінің әрбір деталі ойластырылып жүргізілгені әлем зерттеушілерін таң-тамаша етті. Бұл нысанның құрылысына сөзі өтімді билеушінің тапсырмасымен бой көтергеніне осы факті негіз болуда.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
10/16
Ақыртастың қабырғасы қаланған тастар алдын ала өңделіп, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылғаны және кешенге су жеткізу жүйесінің әрбір деталі ойластырылып жүргізілгені әлем зерттеушілерін таң-тамаша етті. Бұл нысанның құрылысына сөзі өтімді билеушінің тапсырмасымен бой көтергеніне осы факті негіз болуда.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚалашықтың мемлекет қорғауындағы нысандар тізіміне енгенге дейінгі кейпі осындай болды: жасыл шөп пен қураған бұталар араласқан ми дала, кей тұста жүйесіз, кей тұста қаз-қатар тізілген алып қызғылт тастар. Кейін нысан аумағы қоршалып, келушілердің Ақыртасты аралап көруіне қолайлы жолдар төселіп, жарық жүргізді және археологтар қаланың бастапқы бейнесін қалпына келтіруге тырысты.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы - Sputnik Қазақстан
11/16
Қалашықтың мемлекет қорғауындағы нысандар тізіміне енгенге дейінгі кейпі осындай болды: жасыл шөп пен қураған бұталар араласқан ми дала, кей тұста жүйесіз, кей тұста қаз-қатар тізілген алып қызғылт тастар. Кейін нысан аумағы қоршалып, келушілердің Ақыртасты аралап көруіне қолайлы жолдар төселіп, жарық жүргізді және археологтар қаланың бастапқы бейнесін қалпына келтіруге тырысты.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайӘлем зерттеушілері Ақыртастың айналасындағы жұмбақ пен құрылысы бойынша оны Лондонның Уилтшир графтігіндегі "Стоунхенджге" ұқсатып жатады. Ағылшындар аймағындағы бұл нысан да иен даладағы алып тастар түрінде көрініс тапқан.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
12/16
Әлем зерттеушілері Ақыртастың айналасындағы жұмбақ пен құрылысы бойынша оны Лондонның Уилтшир графтігіндегі "Стоунхенджге" ұқсатып жатады. Ағылшындар аймағындағы бұл нысан да иен даладағы алып тастар түрінде көрініс тапқан.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚаланың "Ақыртас" аталуына мұндағы тастардың әзірлену әдісі себепші болған. Яғни тастардың бір-біріне берік орнығуы үшін блоктар ортасы ойылып, ол сырт пішіні бойынша малға жем-су беретін астауға ұқсаған. Сондай-ақ қала атауына "ақыр" – айғайла деген немесе осы сөздің омонимі – "соңғы" деген сөздердің де негіз болуын да алға тартқан ғалымдар бар.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
13/16
Қаланың "Ақыртас" аталуына мұндағы тастардың әзірлену әдісі себепші болған. Яғни тастардың бір-біріне берік орнығуы үшін блоктар ортасы ойылып, ол сырт пішіні бойынша малға жем-су беретін астауға ұқсаған. Сондай-ақ қала атауына "ақыр" – айғайла деген немесе осы сөздің омонимі – "соңғы" деген сөздердің де негіз болуын да алға тартқан ғалымдар бар.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚалашыққа кіру ақылы. Ересектер үшін билет құны 200 теңге болса, оқушылар үшін 50 теңге. Сондықтан Ақыртасты бетке алып жолға шықсаңыз, қалтаңызға ұсақ тиын ала шығыңыз.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
14/16
Қалашыққа кіру ақылы. Ересектер үшін билет құны 200 теңге болса, оқушылар үшін 50 теңге. Сондықтан Ақыртасты бетке алып жолға шықсаңыз, қалтаңызға ұсақ тиын ала шығыңыз.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайТарихтың тылсымын бойына жасырып жатқан нысанға келген кейбір адамдар "құдайы" ретінде тиын-тебен қалдырып кетуді әдетке айналдырған.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
15/16
Тарихтың тылсымын бойына жасырып жатқан нысанға келген кейбір адамдар "құдайы" ретінде тиын-тебен қалдырып кетуді әдетке айналдырған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайКоронавирус пандемиясы Ақыртас сарай кешенінде де көрініс беріп отыр. Мұнда да әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ескертпелер қойылып, зарарсыздандыру құралдары қарастырылған.
Ақиқаты ашылмаған Ақыртас қалашығы  - Sputnik Қазақстан
16/16
Коронавирус пандемиясы Ақыртас сарай кешенінде де көрініс беріп отыр. Мұнда да әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ескертпелер қойылып, зарарсыздандыру құралдары қарастырылған.
Жаңалықтар
0