Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото

Жазылу
Қазақстанның ең көне қаласы саналатын Тараз жыл санап түлеп әрі түрленіп келеді. Бірақ жаңашылдыққа бет бұрған шаһар тарихи келбетінен айырылмай, кеше мен бүгіннің үлгісіне айналуда

2019 жылы Жамбыл облысының 80 жылдығы мерейтойына орай өңірде бірінен кейін бірі жаңа нысандар бой көтерді. Соның бірі – "Тектұрмас" этно-тарихи кешені.

Оқи отырыңыз: "Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото

Бұл айрықша нысан Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы "Тектұрмас" тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр. Ол тарихнама іспеттес бой көтерген. Себебі мұнда орналасқан мүсіндердегі жазулар Тараздың қалыптасу тарихынан сыр шертеді.

"Тектұрмас" кешенінің фотоларын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

© Sputnik / Ақмарал ШағатайЭтно-тарихи кешен аумағына кіре бергеннен-ақ алып қақпа тектіліктің бейнесіндей елестейді. Шығыс стилінде салынған қақпаның биіктігі - 10, ені 14 метрді құрайды. Екі жағына күзет тұратын биік мұнаралар орнатылған. Мұнаралардың жанында бойы 2 метр, салмағы 300 килограмм болатын найза және қылышпен қаруланған сауытты қос жауынгердің мүсіні тұр.
Тектұрмас этно-тарихи кешені - Sputnik Қазақстан
1/12
Этно-тарихи кешен аумағына кіре бергеннен-ақ алып қақпа тектіліктің бейнесіндей елестейді. Шығыс стилінде салынған қақпаның биіктігі - 10, ені 14 метрді құрайды. Екі жағына күзет тұратын биік мұнаралар орнатылған. Мұнаралардың жанында бойы 2 метр, салмағы 300 килограмм болатын найза және қылышпен қаруланған сауытты қос жауынгердің мүсіні тұр.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайКешенге кіреберістен басталатын баспалдақтар мен кешен ішіндегі жолдардың барлығы жергілікті табиғи қызыл тастан жасалған.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
2/12
Кешенге кіреберістен басталатын баспалдақтар мен кешен ішіндегі жолдардың барлығы жергілікті табиғи қызыл тастан жасалған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайБаспалдақтың екі жағына ақ тастан жасалған ескерткіштерге Тараз өңірінен шыққан Тараз тарихының тұлғалары – он төрт қаған мен ойшыл ғұламаның есімі, билік еткен ғасырлары қашалып таңбаланған.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
3/12
Баспалдақтың екі жағына ақ тастан жасалған ескерткіштерге Тараз өңірінен шыққан Тараз тарихының тұлғалары – он төрт қаған мен ойшыл ғұламаның есімі, билік еткен ғасырлары қашалып таңбаланған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайБаспалдақпен жоғары көтерілген соң ең биікте Тараз қаласының негізгі символы – ұлы Әулиеатаның ескерткіші тұр. Салмағы 10 тонна болатын ақ түсті мәрмәр тастан құйылған еңселі ескерткіштің постаментінің биіктігі - 8 метр, ал мүсінінің биіктігі 13 метрді құрайды.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
4/12
Баспалдақпен жоғары көтерілген соң ең биікте Тараз қаласының негізгі символы – ұлы Әулиеатаның ескерткіші тұр. Салмағы 10 тонна болатын ақ түсті мәрмәр тастан құйылған еңселі ескерткіштің постаментінің биіктігі - 8 метр, ал мүсінінің биіктігі 13 метрді құрайды.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайӘулиеата ескерткішінен сәл төменде көне шаһардағы тынымсыз тіршілікті құс ұшатындай биіктіктен тамашалауға арналған алаңша бар. Сондай-ақ көз ұшында көрінетін асқар тау мен көк шөптен көрпе жамылған дала айналадағы пейзажға ерекше көрік береді.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
5/12
Әулиеата ескерткішінен сәл төменде көне шаһардағы тынымсыз тіршілікті құс ұшатындай биіктіктен тамашалауға арналған алаңша бар. Сондай-ақ көз ұшында көрінетін асқар тау мен көк шөптен көрпе жамылған дала айналадағы пейзажға ерекше көрік береді.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайАлаңшаның ортасында арнайы биік тастан жасалған билік белгісі – Лауһа тұғыры орнатылған. Символикалық белгінің ең ұшар басында әлемді жаратушы Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі ұлы сөзі "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші" деген Құран сүресі жазылған. Лауханың осы Құран аятынан кейінгі төменгі жағында түркі халықтарының Тастағы тарихы – Күлтегіннің көне руна-түркі тіліндегі жазуы бейнеленген.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
6/12
Алаңшаның ортасында арнайы биік тастан жасалған билік белгісі – Лауһа тұғыры орнатылған. Символикалық белгінің ең ұшар басында әлемді жаратушы Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі ұлы сөзі "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші" деген Құран сүресі жазылған. Лауханың осы Құран аятынан кейінгі төменгі жағында түркі халықтарының Тастағы тарихы – Күлтегіннің көне руна-түркі тіліндегі жазуы бейнеленген.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайҚазір этно-тарихи кешен құрылысының екінші кезеңі қызу жүріп жатыр. Оған сәйкес мұнда көне қалалардың үлгісіндегі қорғандар мен дуалдар пайда болады. Олардың бірқатары бой көтеріп те қойған. Тек ұсақ-түйек жұмыстары қалған.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
7/12
Қазір этно-тарихи кешен құрылысының екінші кезеңі қызу жүріп жатыр. Оған сәйкес мұнда көне қалалардың үлгісіндегі қорғандар мен дуалдар пайда болады. Олардың бірқатары бой көтеріп те қойған. Тек ұсақ-түйек жұмыстары қалған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайСондай-ақ тарихи кешеннің төменгі жағында, монументалды қабырға мен Талас өзенін жалғайтын, тау басынан төгіле ағып жатқан каскадты су сарқырамасы салынады. Қазір сарқырама төңірегінде жұмыстар жүргізілуде.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
8/12
Сондай-ақ тарихи кешеннің төменгі жағында, монументалды қабырға мен Талас өзенін жалғайтын, тау басынан төгіле ағып жатқан каскадты су сарқырамасы салынады. Қазір сарқырама төңірегінде жұмыстар жүргізілуде.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайОсы көрікті нысанды қала тұрғындары мен қонақтары емін-еркін аралап, тамашалауы үшін тынығу орындары да қарастырылған.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
9/12
Осы көрікті нысанды қала тұрғындары мен қонақтары емін-еркін аралап, тамашалауы үшін тынығу орындары да қарастырылған.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайМұндағы әрбір бұйым тарихи үлгіде әзірленген.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
10/12
Мұндағы әрбір бұйым тарихи үлгіде әзірленген.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайТектұрмас аумағында қызыл тасты жиі кездестіруге болады. Кейбірі ұсақ болса, ат басындай тастардан да аяқ алып жүре алмайсың.
Тектұрмас этнотарихи кешені  - Sputnik Қазақстан
11/12
Тектұрмас аумағында қызыл тасты жиі кездестіруге болады. Кейбірі ұсақ болса, ат басындай тастардан да аяқ алып жүре алмайсың.
© Sputnik / Ақмарал ШағатайБұл жаңа бой көтерген этнотарихи нысанның жанындағы Тектұрмас кесенесі. Ол X-XIV ғасырларға жататын сәулет ескерткіші. Бұл кесене жергілікті тұрғындар арасында Тектұрмас деп аталған, ал азан шақырып қойылған есімі Сұлтан Махмұт әулиенің жерленген жері. Кейбір деректерде оның Қарахан мемлекетінің әскербасы болғаны да айтылады.
Тектұрмас этнотарихи кешені - Sputnik Қазақстан
12/12
Бұл жаңа бой көтерген этнотарихи нысанның жанындағы Тектұрмас кесенесі. Ол X-XIV ғасырларға жататын сәулет ескерткіші. Бұл кесене жергілікті тұрғындар арасында Тектұрмас деп аталған, ал азан шақырып қойылған есімі Сұлтан Махмұт әулиенің жерленген жері. Кейбір деректерде оның Қарахан мемлекетінің әскербасы болғаны да айтылады.
Жаңалықтар
0