Өңірлер

Павлодарда биіктігі бірнеше метрге жететін "субұрқақ" пайда болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуРемонт теплотрассы, архивное фото
Ремонт теплотрассы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Сала мамандары гидравликалық сынақ кезінде пайда болған су бұрқақтың тепмпературасы 40 градустан аспайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Павлодарда "Батыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында жер астынан өткен ыстық су құбыры жарылып, су бұрқақ пайда болды. Бірнеше метр биіктікке атқылаған субұрқақ видеосы павлодарлық @tipavlo парақшасында жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

"3 мамырда "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның 1-ЖЭО-на қосылу аймағындағы жылу желілерінің гидравликалық сынағы басталды. 6 мамырға дейін жалғасатын мұндай сынақтар құбыр желісіндегі әлсіз учаскелерді анықтап, жөндеуге бағытталған. Ақау анықталған ауданда су тарату уақытша тоқтатылатын болады", – деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі.

Сала мамандары гидравликалық сынақ кезінде құбыр желісіндегі су температурасы 40 градустан аспайтынын атап өтті. Дегенмен, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Он жасар бала құбыр арасына қысылып қалды – құтқару операциясының кадрлары

Олардың айтуынша, "Батыр" сауда орталығы жанындағы жылу желісі әлсіз учаскелердің бірі болып шыққан.

Жаңалықтар
0