Саясат

Тоқаев пен Лукашенко ЕАЭО аясындағы интеграциялық мәселелерді пысықтады

© Sputnik / Владислав ВодневПрезиденты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Беларусь азаматтарын вакциналауға қатысты іс-қимылдар жайында ақпарат алмасты

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Екі елдің басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде екіжақты экономикалық байланыстың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ бірлескен жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Осыған байланысты өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту, экспортталатын тауар түрлерін әртараптандыру, екі елдің бизнесі мен өңірлері арасындағы тікелей қатынастарды жолға қою үшін үкіметтердің ықпалдастығын жандандыруға дайындық мәселесі нақтыланды.

"Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жуық арада өткізуге уағдаласты", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ екі елдің президенті коронавирус пандемиясымен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде екі ел азаматтарын вакциналауға қатысты іс-қимылдар жайында ақпарат алмасты.

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің биыл мамырда өтетін отырысын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко күн тәртібіндегі негізгі интеграциялық мәселелерді тағы да бір мәрте пысықтады.

Оқи отырыңыз: Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Тоқаев

Екі елдің басшысы бір-бірін алдағы келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь халқының берекесі артып, өсіп-өркендей беруіне шынайы тілектестік білдірді.

Жаңалықтар
0